Мемлекет басшысы Алматы қаласының сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсынылған шаралар мен сейсмоаудит жүргізу жоспарын мақұлдады. Бұл шаһардағы нысандардың құжаттарын жаңартуға мүмкіндік бермек. Сондай-ақ, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Президентке шаһардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есеп берді. Қаланың 2040 жылға дейінгі жаңа Бас жоспарын әзірлеудің негізгі тәсілдері жөнінде баяндады.