Президент Мәжіліс депутаты, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасын қабылдады. Бақтықожа Ізмұхамбетов қазір бірлестік екі жоба жүзеге асырып жатқанын айтты. Соның бірі - «Дәнекер» бастамасы. Сонын нәтижесінде соңғы 4 жылда 6896 даудың 4563-інде тараптар істі сотқа жеткізбей келісімге келген. Ұлттық құрылтай мүшесі Мемлекет басшысына ардагерлердің «Қоғамдық бақылау туралы» Заңды жүзеге асыруға белсенді атсалысып жатқаны жөнінде де баяндады. Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫ» РҚБ ТӨРАҒАСЫ:Президентімізге Парламент Мәжілісі Төрағасы жанындағы депутаттық этика жөніндегі кеңесте жасалып жатқан жұмыстарды баяндадым. Одан басқа еліміздің аймақтағы «Ардагерлер» кеңестерінің жасап жатқан жұмыстарын, елдегі ахуалды, сонымен бірге, бір бөлек ұсыныстарым болатын. Соларды баяндадым.