Президент әскери қызметшілерді запасқа ауыстыру және әскер қатарына кезекті шақыру туралы жарлыққа қол қойды

2024 жылғы 2 ақпанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілерді запасқа және әскерге кезекті шақыруға шығару туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz."Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өтеген мерзімді әскери қызметшілерді және Қазақстан Республикасы азаматтарын 2024 жылғы наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсанда міндетті әскери қызметке кезекті шақыру туралы" тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланды. "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес: Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер 2024 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі қатарынан запасқа шығарылсын.  Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар 2024 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын.  Жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы 2024 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.  Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі мерзімді әскери қызметті өткеру үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне әскерге шақырылған Қазақстан Республикасының азаматтарын жөнелтуді және мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткерген әскери қызметшілерді шығаруды қаржылай және материалдық қамтамасыз етуді ұйымдастырсын.  Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыдан 76 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Қытайлық баскетболшы сүйіктісін қонақүйге чемоданға тығып алып кірген
Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 миллион теңгені жымқырған
Техникалық колледжіндегі жымқыру дерегі бойынша
Президент Мекемтас Мырзахметұлының отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
«Қазақанимация» жас көрерменге үш жаңа жоба ұсынады
МӘМС жүйесін сақтап қалуымыз керек: ДСМ
Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 млн теңге жымқырған
Жаңа жылдық рейдтер барысында заңсыз ағаш кесудің 8 фактісі анықталды
Алматыдан 77 км қашықтықта жер сілкінді
Ауыл медицинасы: Жаңа жетістіктер мен цифрлық серпін
Футзалдан ел чемпионатында ірі сенсация тіркелді
2024 жыл тарихтағы ең ыстық жыл ретінде тіркелді
Азаматтар вакцинация деректерін оңай бақылай алады
Уақыт пен қаражат үнемделеді
Медицина қызметкерлеріне біліктілік беру жүйесі өзгереді
Денсаулық сақтау саласындағы маңызды бағыт
«Бір күндік клиника» жобасы – ана денсаулығын қорғаудағы жаңа қадам
Ақтауда қоян-қолтық ұрыстан чемпионат өтті
«Масқара қорлау болды»: Атырауда мұғалім педкеңестен кейін өзіне қол жұмсамақ болған
Асу Алмабаевтың кезекті жекпе-жегі кіммен және қашан өтеді
Қызылорда облысында 16 ауыл интернетсіз отыр
Алматыда тағы да жер сілкінді
АҚШ қаржы министрлігі «Нұрсұлтан Назарбаев» танкеріне санкция салды