Президент Астана қаласының әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.Қасым-Жомарт Тоқаевқа елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде мәлімет берілді.Астана қаласының әкімі барлық негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалатынын айтты.Былтыр тартылған инвестиция көлемі 1,6 триллион теңгені құрады. Өңдеу өнеркәсібі, білім, медицина, логистика, көлік және басқа да салаларда іске асырылған жобалардың нәтижесінде 1,8 мың жұмыс орны ашылды.Өткен жылы JOLTAP жобасы аясында 6 мыңға жуық азамат жұмысқа орналасты. Ал биыл жұмыспен қамтылатын азаматтардың санын 2 есе ұлғайту, яғни 12 мың адамнан асыру жоспарланып отыр. Жалпы 2024 жылы 58 мыңға жуық жұмыс орнын ашу көзделген.Сонымен қатар Президентке жылыту маусымының барысы туралы да баяндалды. Былтыр күзде «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станциясын, «Тұран» газ жылу станциясының бірінші кезегін және үшінші ЖЭО-ны іске қосу нәтижесінде жылу қала бойынша ұзақ уақыттан бері алғаш рет артығымен беріліп жатыр. Елорданың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін бұл нысандардың қуаты – сағатына 1140 гигакалория.Мемлекет басшысына биыл «Тельман» газ жылу станциясының бірінші кезегі және «Тұран» газ жылу станциясының екінші кезегі, үшінші ЖЭО-ның көмірмен жылытылатын бөлігінің іске қосылатыны туралы мәлімет берілді. Бұл нысандар қаланы қосымша 600 Гкал/сағат жылу қуатымен қамтамасыз етеді.Бұдан бөлек, Жеңіс Қасымбек әлеуметтік нысандардың (мектептер, оқушылар сарайлары, балабақшалар, медициналық орталықтар, жеңілдікпен берілетін тұрғын үйлер) құрылысы, апатты жағдайдағы ескі үйлерді сүру, құрылысы ұзаққа созылған нысандарды салып бітіру, тұрғын үй алаптарын дамыту, қаланы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары туралы айтты.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Аяз және тұман: 28 қарашада Қазақстанда ауа райы қандай болады?: 28 қараша 2024, 08:50 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Ресейде қалың қардан төтенше жағдай жарияланды
ҰҚШҰ отырысы келесі жылы қайда өтетіні белгілі болды
Алматының Түрксіб ауданындағы бос жердің орнына жаңа заманауи жаяу жүргіншілер аймағы ашылды
Алматыда жастарға арналған тағы бір комьюнити-орталық ашылды
Ерболат Досаев 2025 жылғы қаңтарда №195 мектепке қосымша құрылысты аяқтауды тапсырды
Ұлттық банк байқау жариялады
TikTok 18 жасқа толмағандарға бет-әлпетін өзгерту сүзгілерін қолдануға тыйым салады
Қазақстан мен Ресей президенттері ҚазҰУ-дің Омбыдағы филиалын ресми түрде ашты
ТЖМ құтқарушылары Пионер шыңын бағындырды
Алматының Көлсай шағын ауданында алғаш рет ауыз су пайда болды
Алматылық оқушы жасанды интеллект арқылы тері ауруын анықтайтын ғылыми жоба ұсынды
Президент жыл бойы өзекті сын-қатерлерге қарсы іс-қимыл мәселесіне ерекше ден қойылғанын айтты
Полиция алаяқтың жаңа түрінен сақ болуға шақырады
Apple 2025 жылы жаңа iPhone смартфондарынан физикалық SIM картаны алып тастайды
Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізіп жатыр
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шағын құрамдағы сессиясына қатысты
2028-2029 оқу жылына дейін докторантура шәкіртақысы 500 мың теңгеге дейін өседі
Алматыда есірткіге тәуелділікке қарсы күрес туралы зерттеу нәтижелері ұсынылды
Ойын бизнесі және лотереяны реттеу комитеті борышкерлерге түсіндірме жасады
Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Республикалық кадрлық резерв: Абай облысында 11 мұғалімге сертификат табысталды
Тұман, нөсер жаңбыр, найзағай: 13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
«Казахтелеком» әлі күнге дейін Tele2 мен Altel-ді катарлық холдингке сата алмай отыр