"Президент бағыты Қазақстанды түбегейлі жаңғыртуды көздейді",-Е.Қарин

Францияның халықаралық геосаясатқа арналған L`Essentiel des relations internationales басылымында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің «Қазақстанның жасампаз күнтәртібі» деп аталатын мақаласы жарияланды.Ерлан Қарин мақаласында өткен жылдың ішіндегі Қазақстан дамуының кейбір қорытындыларын алға тартады. «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды түбегейлі жаңғыртуды көздейтін бағытты мүлтіксіз жүргізіп келеді. 2023 жыл да ерекше болды және ол Қазақстан үшін реформалар аясында өтіп барады. Саясаттағы және экономикадағы президенттік реформалардың логикасы олардың үйлесімділігіне негізделген. Әр реформа, жаңа бастама бірін-бірі толықтыратын жүйелі сипатқа ие. Және де президенттік бағыттың барлық бағдары — саясат, экономика және идеология — бүкілі бірге елді жаңғыртудың бірегей бағдарламасын құрайды. Реформа процесінің маңызды ерекшелігі — қоғамның реформа бағытын қолдауы саналады. Бұған „Халық үніне құлақ асатын мемлекет“ тұжырымдамасы септігін тигізеді. Оны Қасым-Жомарт Тоқаев сонау 2019 жылы, өзінің президенттігі басталған кезеңде қалыптастырған болатын. Басты ұстаным ел дамуының барлық негізгі мәселелерінде қоғамдық пікірді ескере отырып, теңгерімді, шоғырландырылған шешім қабылдауға негізделген. Бұл диалог және ымыра арқылы билік пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа моделін қалыптастырды», — деп атап өтеді Ерлан Қарин.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Мәселеден көз ашпайтын Асыл арман: облыс әкімі не деп ақталды?
Тәуелсіздік таңы атқан күн
Азия чемпионатының жүлдегерлерін жанкүйерлер әуежайдан күтіп алды
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Алматыда автобустың жол жүру уақыты қысқарады
Қаңтардан қаңтарға дейін...
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
«Муфаса. Арыстан патша»
Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар қатаң жазаланады
Мемлекет басшысы Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Жаңа электропойыз «Астана — Боровое» маршруты бойынша жүре бастады
«Астана — Боровое» бағыты бойынша жаңа электропойыз жүре бастады
Президент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды
Air Astana серіктестерді ESG-ге қосқан үлесі үшін марапаттады
Қазақстандықтар eGov Mobile арқылы Қазпоштаның посылкаларын бақылай алады
Балаларға бастапқы білім беру капиталы
«Дикий Арманның» соты қашан өтетіні белгілі болды
Құтқарушының құрметті жолы
Қостанай облысында түнгі клубта кісі өлтірген күдікті сотталды
eGov Mobile қосымшасында Қазпошта қызметтері қосылды
Мемлекет басшысы Ескелді би ауылындағы спорт кешеніне барды
ШҚО-да алимент төлемеген 44 әке қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Су тасқынына қатысқан батыр Аят Сералиев «Жақсы адам-2024» сыйлығына ие болды
Жас өнерпаздарға қанат бітірген байқау