Президент Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығын аралап көрді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының жаңа корпусымен танысты.Жаңа ғимарат Emergency халықаралық стандартына сай салынған әрі триаж жүйесіне сәйкес тәулігіне 500-ден аса науқасты қабылдай алады. Орталықта 26 төсек орынға есептелген реанимация және қарқынды терапия бөлімі, диагностика бөлімі және 4 операция блогы бар.Президентке орталықтың заманауи медициналық аппараттармен жабдықталған диагностика кабинеттері, нәрестелерге арналған қарқынды терапия бөлімшесі және операция бөлмелері таныстырылды.Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпованың айтуынша, 1965 жылы негізі қаланған қалалық балалар ауруханасы С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті педиатрия кафедрасының клиникалық базасы саналады. Ауруханада тек Алматы қаласының ғана емес, бүкіл Қазақстанның балалары жоспарлы ем-дом алады. Республика бойынша тек осы клиникада жаңа туған нәрестелерде кездесетін асқазан артрезиясы, көкет жарығы (диафрагмальная грыжа), рахишизис, гастрошизис секілді туабітті дерттерді хирургиялық жолмен емдеу тәсілдері жолға қойылған.Соңғы үш жылда бұл ауруханада емделушілер саны 30 пайызға артқан. Сол себепті қазір Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының негізгі ғимаратын жаңарту және реконструкциялау жоспары әзірленіп жатыр. Соған сәйкес ескі корпустардың бәрі күрделі жөндеуден өткізіліп, қосымша оңалту, отоларингология, аймақтық офтольмология орталықтары және жақ-бас сүйек хирургиясы бөлімшелері ашылмақ. Нәтижесінде стационардағы төсек-орын саны 350-ден 470-ке дейін артады. Сондай-ақ көрсетілетін медициналық қызметтердің түрі көбейіп, халықаралық стандарттар деңгейіндегі сапаны қамтамасыз ету мүмкіндігі пайда болады.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медициналық мекеменің қызметіне табыс тілеп, 2 реанимобиль мен интерактивті тақтаны сыйға тартты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстандық жас теннисші Еуропада жыл үздігі атанды
Астанада көпбалалы отбасыларға арналған пәтерлер мемлекетке қайтарылды
Түркістанда қытайлық инвесторлармен кездесу өтті
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
«Бурабай» емдеу-сауықтыру кешені еліміздегі үздік 20 кәсіпорынның қатарына енді
Криштиану Роналду ислам дінін қабылдады ма?
Апаттар медицинасы орталығы: Биыл 3 мыңнан астам адам құтқарылды
Биыл су қоймалары 75 миллиард текше метр су жинады
Ресейден ірі алаяқтыққа күдікті әйел экстрадицияланды
Тағы бір ел Tik Tok желісін пайдалануға тыйым салды
Тауға бармай тұра тұрыңыз
Алматыда «Добрая крышечка» экоакциясына қатысушылар марапатталды
Алматы метросында ұялы байланыс және интернет қолжетімді болды
Пневмонияға шалдыққан науқастар қатары көбеюде
Арбатта Жаңа жылға арналған ақжарма тілектер пайда болды
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Семейде шырша құру кезінде құлаған мұғалімнің жары оқиға жайлы айтты
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Абдулрашид Садулаев болашақта қай салмақта күресетінін мәлімеді
Жоғары сот кеңесі мен Қаржылық мониторинг агенттігі ынтымақтастық меморандумына қол қойды