Президент «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Қанат Шарлапаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.Мемлекет басшысына холдингтің былтыр атқарған жұмыстарының қорытындысы туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды. Президентке кәсіпкерлікті, агроөнеркәсіп кешенін қолдау және халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар жеткізілді. Мемлекет басшысына холдингтің 2022 жылы 350 миллиард теңге таза рекордтық пайда тапқаны туралы баяндалды. Бұл 2020 жылғы көрсеткіштен бес есе және 2021 жылғы нәтижеден үш есе көп. Өткен жылдың қорытындысы бойынша құны 685 миллиард теңге болатын 238 ірі жоба мен лизингтік мәмілелер қаржыландырылды. Шағын және орта бизнесті қолдау аясында сомасы шамамен 1,5 триллион теңгені құрайтын 50,5 мың жобаға субсидия берілді. Басқарма төрағасының мәліметіне сәйкес агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне жоспарланған 432 миллиард теңгенің орнына 522 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлінген. Сонымен қатар Қанат Шарлапаев халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету аясында жалпы құны шамамен 1,4 триллион теңге жеңілдетілген ипотекалық қарыз берілгені, құны 211,8 миллиард теңгені құрайтын үлестік құрылысқа кепілдік жасалғаны, кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін әкімдіктерге 176,4 миллиард теңге бөлінгені туралы баяндады. Осылайша, қолдау шараларының нәтижесінде 2,2 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді, ипотекалық кредит беру есебінен 79 865 отбасы тұрмыстық жағдайын жақсартты. Мемлекет басшысы бизнесті одан әрі қолдаудың маңыздылығына баса назар аударды. Сондай-ақ еліміздің экспорттық әлеуетін арттыруға және агроөнеркәсіп кешенін дамытуға «Бәйтерек» холдингінің белсенді атсалысуы қажет екенін айтты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ұлытау облысында креативті хаб ашылды
Қазақстанда мәйіттік донор болуға келісетіндер 3,5 есе саны артты
Абат Айымбетов Түркияда қатарынан үшінші матчта гол соқты
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Фариза кредосы: адамдықтан айныма
Ауылдан – Алматыға!
Қарағандыда автобус өртенді
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтағы 57 отбасы үйлі болды
Депутаттар есеп берді
Алматы облысында жантүршігерлік апаттан 4 адам қаза тапты: тергеу жүріп жатыр
Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту өзекті
Жәрмеңке өнімдері сұранысқа ие
«Алтын сақа» орталығына барды
Алматының Арбаты Карнаби көшесінің стилінде безендірілді
Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын ба?
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Коммуналдық секторды жаңғырту жобасы мақұлданды
Сенаторлар өңірлерге барады
Қазақстанда мәйіттік донор болуға келісетіндер 3,5 есе саны артты
Алматыда 41 жыл бұрын пайдалануға берілген құбыр ауыстырылды
Астанада алаяқтар қазақстандық танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан