Президент белгілі мемлекет қайраткері Икрам Адырбековті қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет қайраткері, дипломат, Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Икрам Адырбековті қабылдады.Кездесу барысында былтыр қараша айында өткен Түркі мемлекеттері ұйымының X cаммитінде Қазақстан тарапы Ұйымның қазіргі төрағасы ретінде ұсынған «Түркі дәуірі!» («TURKTIME!») бағдарламасының басты бағыттарын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев түркі тілдес мемлекеттердің мәдени, рухани, тарихи, саяси-экономикалық салалардағы байланыстарын нығайту қажет екенін айтты. Бұл ретте Мемлекет басшысы университеттердің филиалын ашу, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, ортақ құндылықтарды дәріптеу, сонымен қатар қаржы, жасанды интеллект, IT және аэроғарыш өнеркәсібі секілді экономиканың басым бағыттары бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру жұмыстарына баса назар аудару керектігін атап өтті.  Икрам Адырбеков Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани астанасы, бүкіл түркі халықтарына ортақ тарихи шаһар ретінде дамыту үшін атқарылуға тиіс шаралар туралы ой-пікірімен бөлісті. Президент Түркі мемлекеттері ұйымының Ақсақалдар кеңесі бауырлас халықтардың өзара ықпалдастығын арттыруға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда «баррамунди» экзотикалық балық түрі өсіріледі
Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Алматы облысына барды
Қазақстанда Тәуелсіздік есімді қанша адам бар?
16 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Қыста көлікте кондиционерді не үшін қосу керек екенін білесіз бе?
«Мен қазақпын»: Астанада бір сәтте 700 оқушы патриоттық әнді шырқады
Түркістанда полиция 200-ден астам жүк көлігіне көмектесті
Адам қанша литр шай ішкеннен кейін өліп кетуі мүмкін?
ТЖМ қызметкерлері Қарағандыда өрт кезінде 6 адамды құтқарды
Алматының коммуналдық қызметтері қардың түсуіне байланысты күшейтілген режимде жұмыс істеуде
Жас спортшылар патриоттық челлендж ұйымдастырды
Қан тамырлар саулығы: рационға қосу керек топ-8 өнім
2025 жыл қандай болмақ?
Еліміздің "Үздік акушері" анықталды
Алматыда «баррамунди» экзотикалық балық түрі өсіріледі
Құрмамен бірге жеуге болмайтын өнімдер аталды
“Қанды желтоқсанның сызы әлі байқалады”: желтоқсан оқиғасына қатысқандар не дейді?
Өскеменде бір ай бұрын жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толуына орай салтанатты концерт өтті
Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Алматы облысына барды
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты