Президент БҰҰ делегациясын қабылдады

Мемлекет басшысы бүгін Біріккен Ұлттар ұйымының өкілдерін қабылдады. Кездесуде Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы көпжақты ынтымақтастықты дамытудың келешегі талқыланды. Сондай-ақ, халықаралық және өңірлік өзекті мәселелер қозғалды. Президент Ұйымның Қауіпсіздік Кеңесін жан-жақты реформалаудың және осы органның өкілдігін кеңейтудің маңыздылығын айтты. Еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымымен күш біріктіруге ниетті екенін растап, Астана халықаралық форумына белсенді қатысқаны үшін дипломаттарға ризашылығын білдірді. Елімізде ұйымның 20-дан астам бөлімшесі жұмыс істейді.«Астана» халықаралық форумына қатысқандарыңыз үшін алғысымды білдіргім келеді. БҰҰ осы форумның жұмысына үлкен үлес қосты. Кешегі сөзімде мен БҰҰ-ның орасан зор рөлі туралы айттым және біз ұйымның принциптерін ұстануымыз керек. Мемлекет басшысы, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі Еурокомиссар Януш Войчеховскиймен кездесті. Қазақстанның Еуропалық Одақпен ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін зор әлеуеті бар екенін айтып, еліміз дәнді және майлы дақылдарды, сондай-ақ жоғары сапалы органикалық өнімдердің экспортын арттыруға дайын екенін жеткізді. Өз кезегінде Януш Войчеховский құрмет көрсеткені үшін Президентке ризашылығын білдірді. Януш ВОЙЧЕХОВСКИЙ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ЕУРОКОМИССАР: Менің Қазақстанға деген көңілім ерекше. Сізді Астана халықаралық форумын табысты өткізуіңізбен құттықтаймын. Сіздің сөйлеген сөзіңізді айрықша ықыласпен тыңдадым. Дұрыс айтасыз, бізге сын-қатерлерді анықтап, түйткілдерді шешу үшін ортақ диалог қажет. Жаһандық деңгейдегі қазіргі күрделі мәселенің бірі – азық-түлік қауіпсіздігі. Сонымен қатар Президент Босния және Герцеговина Президиумының Төрағасымен кездесу өткізді. Бұл сапар екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға және ауқымды мәселелер бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты іске асыруға жақсы мүмкіндік деген Мемлекет басшысы, Босния мен Герцеговинаны Оңтүстік-Шығыс Еуропа мен Балқан аймағындағы перспективті сауда-экономикалық серіктес ретінде қарастыратынын айтты. Өз кезегінде Желька Цвиянович қонақжайлық көрсетіп, Астана халықаралық форумына шақырғаны үшін алғысын білдірді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қуат Хамитов Нұрберген Шәріппен күресіп, әзер жеңді (ВИДЕО)
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Астанада кезекті жайлы мектеп ашылды
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері