Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар облысындағы су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты Қазақстан халқына үндеу жариялайтыны туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасы арқылы мәлім етті. Президент үндеуі барлық республикалық арналардан бүгін сағат 13:00-де көрсетіледі.