Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемнің жетінші, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаны қабылдады. Президент Australian Open, Индиан-Уэллс және Майами турнирлерінде керемет өнер көрсеткен Елена Рыбакинаны құттықтап, шеберлігі мен жеңіске деген ерік-жігері үшін ризашылығын білдірді. Қазір осы спорт түріне қызығушылық білдірген жастардың қатары артқан. Уимблдон жеңімпазы жоспарлары жайлы айтып берді. Алдағы екі күнде Астанада алғаш рет Билли Джин Кинг кубогының іріктеу матчы өтеді. Әлем чемпионатына жолдама алу үшін Қазақстан мен Польшаның әйелдер құрамасы бақ сынайды.Елена РЫБАКИНА, ТЕННИСШІ: Ертең Қазақстанда ойнаймын. Әрине, жақсы ойын көрсетіп, біздің бүкіл командалар жеңеді деп үміттенемін. Болашақта да сіздерді жетістіктеріммен қуанта беремін.