Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады

Мемлекет басшысына банк жұмысының нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде мәлімет берілді. Николай Подгузовтың айтуынша, Еуразиялық даму банкінің Қазақстан экономикасына салатын жыл сайынғы инвестициясы екі жыл қатарынан 1 миллиард доллардан асып отыр.Қасым-Жомарт Тоқаевқа банктің 2022-2023 жылдардағы инвестициясының жылдық көлемінің жалпы сомасы 4,2 миллиард долларды құрағаны туралы баяндалды. Бұл Стратегияда бекітілген 2022-2026 жылдарға арналған жоспардан шамамен 1,5 есе көп. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 59 пайызды құрады. Президентке берілген мәліметке сәйкес Қазақстандағы әлеуетті жобаларға бөлу үшін банктің 2024 жылға қарастырып отырған қаржы көлемі 3,5 миллиард доллардан асады. Инвестицияны, ең алдымен, көлік инфрақұрылымы, жылу энергетикасы, жаңартылатын энергия көздері, өнеркәсіп, агроөнеркәсіп және су ресурстары сияқты стратегиялық маңызды салаларға салу жоспарланып отыр. Николай Подгузовтың айтуынша, биыл банк Қазақстанның қаржы нарығын дамыту және инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландырудың жаңа құралдарын енгізу ісіне атсалысуға ниетті. Сонымен қатар Еуразиялық даму банкі төрағасы Мемлекет басшысына Орталық Азияның су-энергетика саласына жасалған зерттеу нәтижелерін таныстырды. Банк Қазақстанның су ресурстарын тиімді пайдаланатын елдердің көшбасшысы ретінде қалыптасуына ықпал етуге ниетті. Сондай-ақ суды үнемдейтін және энергетикалық тұрғыдан тиімді технологиялар бойынша аймақтық сараптама орталықтарын дамыту үшін 10 миллион долларға дейін гранттық қаржы бөлуге дайын. Бұған қоса, суды есепке алудың цифрлық технологияларын, суармалы жерлерге толықтай лазерлік жоспарлау тәсілін енгізуге және заманауи ирригациялық құрал-жабдықтар өндіретін өңірлік өндірістік-сервистік кластер құруға бағытталған жобаларға 400 миллион долларға дейін қаржы бөлмек. Мемлекет басшысы биыл жазда Алматы қаласында Еуразиялық даму банкінің жылдық қорытынды жиналысын және іскерлік форумын ұйымдастыру мәселесін құптайтынын жеткізді. Аталған форумның күн тәртібінде Орталық Азияның су-энергетика кешеніне, көлік жүйесі құрылымы мен қаржы құралдарын дамытуға қатысты мәселелер қамтылады. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде банк қолдау білдірген инфрақұрылымдық жобалардың маңызды екенін айтты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды
Адам қанша литр шай ішкеннен кейін өліп кетуі мүмкін?
Алматыға жақын жерде жер сілкінді
«Мен қазақпын»: Астанада бір сәтте 700 оқушы патриоттық әнді шырқады
Түркістанда полиция 200-ден астам жүк көлігіне көмектесті
Адам қанша литр шай ішкеннен кейін өліп кетуі мүмкін?
ТЖМ қызметкерлері Қарағандыда өрт кезінде 6 адамды құтқарды
Жас спортшылар патриоттық челлендж ұйымдастырды
Қан тамырлар саулығы: рационға қосу керек топ-8 өнім
2025 жыл қандай болмақ?
Еліміздің "Үздік акушері" анықталды
Алматыда «баррамунди» экзотикалық балық түрі өсіріледі
Құрмамен бірге жеуге болмайтын өнімдер аталды
“Қанды желтоқсанның сызы әлі байқалады”: желтоқсан оқиғасына қатысқандар не дейді?
Өскеменде бір ай бұрын жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толуына орай салтанатты концерт өтті
Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Алматы облысына барды
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
ММА-дан әлем чемпионаты: Ақтөбелік полицей финалда техникалық нокаутпен жеңіске жетті
Алматыдан 88 шақырым аумақта жер сілкінді
Алматы маңында жер сілкінді