Президент газ саласын кешенді түрде дамытуды тапсырды

Мемлекет басшысы «QazaqGaz» Ұлттық Компаниясы Акционерлік Қоғамының басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады. Президентке ұлттық компанияның былтырғы атқарған жұмысының есебі беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды. Санжар Жаркешовтің айтуынша, «QazaqGaz» компаниялар тобы өңірлерді дамыту үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар ірі газ құбырларын тартып, іске қосқан. Олардың құны 400 миллиард теңгеден асады. 11 өңірде 112 елдімекен газдандырылған. Мемлекет басшысы газ саласын кешенді түрде дамытуға, соның ішінде ішкі нарықты газбен тұрақты түрде қамтуға, ресурстық базаны кеңейтуге, аталған саланың өзекті мәселелерін шешуге және оның инвестициялық тартымдылығын жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырма берді.Санжар ЖАРКЕШОВ, «QAZAQGAZ» ҰК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:Ұлттық компания жаңа ANABAI газ кен орнын іске қосты. Және де «QazaqGaz» ҰК-ның ресурстық базаны арттыруға бағытталған шараларының нәтижесі бойынша ішкі нарыққа 19%-ға көбірек газ берілді. Күзгі, қысқы жылыту кезеңінің уақытында газ тасымалдау қорына аса үлкен жүктеме түсті. Алайда, «QazaqGaz» ҰК барлық тұтынушыларды Қазақстан бойынша үздіксіз газбен қамтамасыз етті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда "Тұран таулары" халықаралық симпозиум-пленэр көрмесі ашылды
Путинцева жартылай финалға шықты
Алматы маңында жер сілкінді
Түркістан облысында 110 жастағы қарияға төлқұжат берілді
Жазушы мұрасы – мәңгілік
Ғылыми кеңестің отырысы өтті
БҚО құтқарушылары жоғалған ер адамды аман тапты
Путинцева жартылай финалға шықты
Фристайлдан ӘЧ: Ел қоржынына тарихи алтын түсті
Банк саясаты саласындағы келісімді ратификациялады
Маңғыстау техникалық колледжінде 243 млн теңге жымқырылды
БҚО-да көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Оралда аумақтық қорғаныс бригадасының жаңа нысандары пайдалануға берілді
Қарағандыда көпқабатты үй өртеніп, алты адам құтқарылды
Бір жылда азық-түлік бағасы қаншалықты өсті?
Астанада түнгі ауысымда қар тазалауға 1300 арнайы техника жұмылдырылды
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президент жанындағы ең жоғарғы ғылыми ұйым мәртебесін алды
Алматыда "Тұран таулары" халықаралық симпозиум-пленэр көрмесі ашылды
Жамбыл облысында радикалдық діни топтың 11 мүшесі ұсталды (ВИДЕО)
«Қайрат Нұртастың қызы тұрмысқа шығайын деп жатыр ма?»: актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жауап берді
Шымкентте полиция қызметкерлері аса ірі көлемде “синтетика“ тәркіледі
Еліміз Мажарстанмен бірнеше салада бірігіп жұмыс істейді
Жетісу облысында қар құрсауынан бір жүргізуші аман қалды
«Нұрболханмен бекер соттасыппын»: Ләйлә Сұлтанқызы қандай өкініші бар екенін айтты