Президент Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

Президент Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады. Кездесуде мемлекет басшысына сот жүйесінің қазіргі қызметі жөнінде мәлімет берілгені айтылады. Асламбек Мерғалиев президенттің дербес кассациялық инстанция құру үшін консультациялар өткізу туралы тапсырмасының орындалу барысы туралы баяндады. Заңгерлермен, ғалымдармен, бизнес-қоғамдастық өкілдерімен және Парламент палаталарының депутаттарымен бірлесе талқылау жұмыстары жүргізіліп, соның негізінде елордада (қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша) үш кассациялық сот құру моделіне оң баға берілді. Жоғарғы сот алдын ала қарау институтын жоюды, "толық кассацияны" қолдануды, қаралуы 6 айдан аспайтын "ақылға қонымды мерзім" белгілеуді, сондай-ақ тараптардың міндетті түрде қатысуымен сот процесін жүргізуді ұсынады. Өз кезегінде, жоғары сот органы қадағалау ісіне және сот практикасының бірыңғай болуын қамтамасыз етуге баса мән береді. Сонымен қатар Тоқаевқа әкімшілік әділеттің жұмысы мен халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселесі жөнінде айтылды. Жоғарғы сот төрағасы цифрландыру және сот қызметінің ашықтығы мен сот төрелігінің қолжетімді болуын жақсарту мақсатында жасанды интеллект элементтерін енгізу жайында айтты. Мемлекет басшысы сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалардың сапасына және барлық сатыдағы істерді қарау кезінде заңдылықты қамтамасыз етуге ерекше назар аударды. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Егеменнің елдік жолы»: басылымға – 105 жыл
Ақтөбе облысында алимент төлемегендерге қылмыстық іс қозғалды
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
Доллардың бүгінгі бағамы
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
Колония тәрбиеленушілері өлеңдерін Тәуелсіздікке арнады
ТЖМ құтқарушылары-2024 жылғы жастар сыйлығының лауреаттары
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды
Еліміздегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Дзюдодағы «юко» ұпайы қайтарылады
20,7 млн теңге: Қостанай облысының әкімдігі Арқалық әуежайын сатып алды
Түркістан облысында 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді: 14 желтоқсан 2024, 14:39 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
Теміртауда алты жасар бала мұзға батып кетті: 14 желтоқсан 2024, 14:32 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қазақстан полициясы күшейтілген жұмыс режиміне ауысты
Әуежай мен вокзалдарда заң бұзған 1200-ден астам жауапқа тартылды
Таиландта жәрмеңкеде жарылыс болды: төрт адам қаза тапты
Әскери жүк тасымалдауға арналған арнайы вагон таныстырылды
Астана-Бурабай бағытындағы туристік пойызы 574 жолаушыға арналған
Жетісу облысында екі адам қар құрсауынан құтқарылды