Президент Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады

Мемлекет басшысына Жоғары сот кеңесінің 2023 жылы атқарған қызметінің қорытындысы, еліміздегі судьялар корпусының қазіргі жай-күйі және алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде баяндалды.Денис Шипптің айтуынша, Кеңес былтыр Мемлекет басшысы жүктеген бірқатар міндетті жүзеге асырған. Атап айтқанда, Жоғары сот кеңесін институционалдық тұрғыда күшейту және судья болуға үміткерлерді дайындау, біліктілігін көтеру, олардың шекті жасын ұзарту, өкілеттіктерін уақытша тоқтату немесе мүлде тоқтату мәселелерін аталған органның құзыретіне беру жұмыстары атқарылған. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Кеңестің судьяларды іріктеу тәртібін жетілдіру, ашықтық пен тиімділікті қамтамасыз ету жұмыстары туралы мәлімет берілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жаңадан тағайындалған судьялардың қатарын көбейту үрдісі сақталып отыр. Былтыр судья лауазымына алғаш рет ұсынылған азаматтардың саны сот жүйесінен кеткендерге қарағанда 32 адамға артық болды. Гендерлік тұрғыдан әйел судьялардың саны ер адамдармен салыстырғанда 172 адамға көп. Судьялардың орташа жас мөлшері – 46 жас, ал еңбек өтілі – 13 жыл. Іріктеу барысында ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету үшін конкурс рәсімдерін онлайн-трансляция жасау және оның қорытындысы туралы егжей-тегжейлі түсініктеме беру тәжірибесі алғаш рет енгізілді. Сонымен қатар өткен жылы Парламент Сенатының қарауына енгізу үшін Мемлекет басшысына Жоғарғы Сот судьяларының лауазымына үміткерлер тізімі бірінші рет балама негізде ұсынылды. Бұдан бөлек, аудандық сот төрағаларын сайлау тәртібіне жаңа элементтердің енгізілуіне байланысты Президентке судья лауазымы үшін кадрлық резерв жасақтау институтының рөлі күшейтілгені жөнінде ақпарат берілді.Қазіргі таңда шешім шығару барысында судьялардың заңды өрескел бұзғаны үшін күші жойылған әрбір сот актісін Сот жюриінің тексеру механизмін заң жүзінде енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев судьялардың тәуелсіздігін күшейтуге және оларды сапалы түрде іріктеуге бағытталған реформаларды тиімді жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жетісу облысында қар құрсауында қалған алты адам құтқарылды
Қазақстандық сәйгүлік Дубайдағы бәйгеде мәреге бірінші келді
ТЖМ құтқарушылары - ММА бойынша әлем чемпиондары
Қарулы күштердің әскери қызметшісі Мәскеуден жеңіспен оралды
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
ДСМ биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізді
ТЖМ құтқарушылары - ММА бойынша әлем чемпиондары
Алматыда XII Халықаралық «Бастау» кинофестивалі мәресіне жетті
«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»
ҒЫЛЫМ – МӘҢГІЛІК МҰРА
Қазақстанның екі өңірінде жол жабылды
Павлодар облысындағы алтын кенішінде ер адам қаза тапты
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Атырауда бір топ адам намаз оқу үшін жолды жауап тастаған (АИДЕО)
Сақинасын шеше алмаған жас келіншек құтқарушылардан көмек сұрады
Қазақстанның басым бөлігінде ескерту жарияланды
Астанада Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі жабылды: 15 желтоқсан 2024, 13:10 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Түркістан мен Жамбыл облыстарында жолдар жабылды
Илья Ильиннің әйгілі қарсыласы үшінші рет әлем чемпионы атанды
Илья Ильиннің әйгілі қарсыласы үшінші рет әлем чемпионы атанды
Алматыдан 712 шақырым жерде жер сілкінді
Жетісу облысында қоғамдық моншада өрт шықты
Жетісу облысында алты адам қар құрсауында қалып қойды
Талғарда жаңа әкім тағайындау үшін сайлау болып жатыр