Президенттің "Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты" Жолдауы Қазақстанның басқа елдермен экономикалық байланысын арттырады. Елге инвестиция тартуға жол ашады. Қаржы сарапшысы Люк Родехеффер «Modern Diplomacy» басылымына жариялаған мақаласында осылай жазды. Люк РОДЕХЕФФЕР, ҚАРЖЫ САРАПШЫСЫ: Президент әртараптандыру мен мемлекеттің өзін-өзі қамтамасыз ету қажеттігін жақсы түсінеді. Жетілдірілген металл өңдеу, мұнай, газ және көмір химиясы, сондай-ақ ауыр машина жасау сияқты салаларды дамытуды үлкен мақсат қылып қоя отырып, Қазақстанның инвестиция салуға тиімді бағыт екендігін көрсетіп отыр. Сонымен қатар, өңдеуші саланың дамуын жеделдетуге баса назар аудару әлемдік трендтерге жақсы сәйкес келеді. Қазақстан - Орталық Азия елдері арасында инвестиция құюға климаты ең оңтайлы ел. Оны шетелдік сапаршылар мойындайды. Президент Жолдауда осы мәселеге ерекше тоқталды. Мамандар бұл тақырыпты тарқатып, жүйелі шешім шығарсақ, еліміз дамып, өрге шығады - дейді. Ернар СЕРІК, САУДА САЯСАТЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Жолдауларды талдасаңыз бір 15-20 рет инвестиция туралы айтады. Сөздерінің арасында кетеді. Былтырғы жылы көбінесе социалды инфестиция болса, мектептерге, больницаларға инвестиция тарту болса, қазір индустриалды, инфраструктуралық инвистицияларды тартуды айтып жатыр.