Президент жұмыс сапарымен Сауд Арабиясы корольдігіне барды

Президент «Орталық Азия Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» атты мемлекет басшыларының саммитіне қатысу үшін Сауд Арабиясы Корольдігіне барды. Мемлекет басшысының жұмыс сапары Исламда екінші қасиетті орын саналатын Медина қаласындағы Мұхаммед пайғамбар мешітінен басталды. Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед пайғамбардың қабіріне зиярат етіп, дұға жасады. Қазақстан Президентінің келуіне орай оған ерекше құрмет ретінде Пайғамбар жерленген киелі орынның есігі ашылды.Осыдан кейін Президент Қос киенің сақшысы – Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Саудтың шақыруымен Жидда қаласына барды. Мемлекет басшысын әуежайдан Мекке провинциясы губернаторының орынбасары, ханзада Бадр бен Сұлтан бен Әбделазиз, Жидда провинциясының губернаторы Салих бен Әли Ат-Түрки күтіп алды.Саясаттанушы Риззат Елубаев бұл саммит арқылы аймақаралық қарым-қатынас дамиды - дейді. Нәтижесінде, елдер арасында тиімді келісімшарттар орнамақ. Жиының басты мақсаты да – осы. Сондай-ақ, ауқымды кездесудің қаржы астанасы саналатын Жидда қаласында өтіп жатқанының өзі ерекшелік екенін атап өтті.Риззат ЕЛУБАЕВ, САЯСАТТАНУШЫ:Мемлекеттердің көбі Орталық Азияның өзінде бүгінгі таңда ірі инвесторлар болып табылады. Мысалыға, Біріккен Араб Әмірлігі, Катар. Олардың жекелеген Орта Азия мемлекеттерінде жекелеген инвестициялық жобалары бар. Ал, бірақ біріккен, аймақаралық көзқарас деген сияқты қалыптаспаған. Осы форум аясында осы мәселелер қозғалады. Саммит аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізу де жоспарланған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ауыр атлетика: Әлем чемпионаты қалай өтті?
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
Қан тамырлар саулығы: рационға қосу керек топ-8 өнім
Қан тамырлар саулығы: рационға қосу керек топ-8 өнім
2025 жыл қандай болмақ?
Алматыда «баррамунди» экзотикалық балық түрі өсіріледі
Құрмамен бірге жеуге болмайтын өнімдер аталды
“Қанды желтоқсанның сызы әлі байқалады”: желтоқсан оқиғасына қатысқандар не дейді?
Өскеменде бір ай бұрын жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толуына орай салтанатты концерт өтті
Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Алматы облысына барды
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
ММА-дан әлем чемпионаты: Ақтөбелік полицей финалда техникалық нокаутпен жеңіске жетті
Алматыдан 88 шақырым аумақта жер сілкінді
Алматы маңында жер сілкінді
Алматыдан 88 шақырым жерде жер сілкінді
Ер адамдар неге көзге шөп салады? Психолог жауабы
Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады
Ақмола облысында тұрғын үй өртенді
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
Бақыт Сәрсекбаев: "Олимпиаданы жеңгенде өзбектер қатты өкінді"