Президент қалалық сенбілікке қатысты

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке қатысып, елордадағы «Ұлытау» аллеясында ағаш отырғызды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.Президентпен бірге сенбілікке волонтерлер, «Ассамблея жастары» ұйымының өкілдері, еліміздің ғылым, креативті индустрия, мәдениет, спорт салаларындағы белсенді жастар және алдағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушылар, Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері атсалысып, жөке ағашының 430 түп көшетін екті. Сенбілік барысында Қасым-Жомарт Тоқаев жастармен әңгімелесті. Президент қоғамда экология мәдениетін қалыптастыру, табиғатты аялау маңызды екенін атап өтті. – Шын мәнінде, елімізді көгалдандыру, абаттандыру – үлкен мемлекеттік маңызы бар іс. Бұл бүгін шығып, ертең ұмытып кететін бірреттік науқан емес. Аталған жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Туған жерімізді таза ұстауымыз керек. Бұл – жалпыұлттық мәселе. Қазақстанымыз таза болуы қажет. Лас елге қонақ ретінде, инвестор ретінде ешкім келмейді. Бірақ, ең алдымен, Қазақстанның таза, көрікті болғаны біз үшін, яғни халық үшін керек. Бұл күнделікті өмір салтына айналуы қажет. Сондай-ақ бұл жұмыс елорда және ірі қалаларда ғана емес, шағын қалаларда, аудандар мен ауылдарда да ұдайы ұйымдастырылады. Бүкіл Қазақстанды таза ұстау өзімізге, жастарға байланысты. Мен жастарға сенемін. Сондықтан жастарға зор үмітпен қараймын, – деді Мемлекет басшысы.Президент заң мен тәртіп үстемдігі бәріне қатысты екенін айтып, вандализммен батыл түрде күресу қажет екеніне назар аударды.– Біз өз елімізді мақтан тұтуға тиіспіз. Мейлі ол көше, аула немесе үйлердің кіреберісі болсын, бәріне ұқыпты қарауымыз қажет. Вандалдармен табанды түрде күресу керек. Сондай-ақ олардың заң жүзінде қатаң жазаланатынын айттым. Әр нәрсенің шегі бар. Әйтпесе, бәрін бүлдіріп алып, кейіннен кешірім сұрайды. Елімізде тәртіп болуы керек. Заңды сақтау қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Бұдан кейін Мемлекет басшысы Ботаникалық бақты аралап, жалпықалалық сенбілікке қатысып жатқан тұрғындарға, елорданың коммуналдық шаруашылық мекемелерінің қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Астанада кафе өртенді
Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Ұлыбританиямен жолдастық кездесуде жеңіске жетті
Президент «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды
Өртке оранған үйден газ баллон алып шыққан полицейлер мемлекеттік марапатқа ие болды
Голан жоталарында Қазақстанның Мемлекеттік туы көтерілді
Безеудің пайда болуына әсер ететін азық-түлік аталды
Газа секторында құрбан болғандар саны 35 мыңға жақындады
Астанада полиция балшыққа батқан баланы құтқарып қалды
Алматы әкімі соғыс ардагерлеріне Мемлекет басшысының құттықтауын жеткізді
Ақтөбеде екі бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті
Ақтөбеде екі бала терезеден құлап кетті
Шымкенттік мұғалім джиу-джитсудан Азия чемпионы болды
Дәрігер бөтелкедегі сусынды ішудің денсаулыққа қаупі туралы айтты
Мемлекеттік орталық музей ардагерлерді мерекемен құттықтады
ТЖМ су тасқыны жағдайына қатысты соңғы мәліметтерді жариялады
“Мемлекетті мойындамайсыздар ма?!” Қазақ тілін қажетсінбеген Forte банк қалың жұрттың қатаң сынына қалды
Президент ерлікпен қаза тапқандардың рухына тағзым етті
ТЖМ су тасқыны жағдайы туралы кейінгі мәліметте жариялады
Голан жоталарында Қазақстанның Мемлекеттік туы көтерілді
«Адамды құтқару – бірінші мақсатымыз»: Өртке оранған үйден газ баллон алып шыққан полицейлер марапатталды
16 жастағы автошабандоз жол апатынан қаза болды
Голан жоталарында Қазақстанның Мемлекеттік туы көтерілді
С. Киров атындағы зауыт ЕҰУ студенттерін ақысы төленетін тағылымдамаға қабылдайды
Әжесінің атына несие рәсімдеген жас жігіт сотталды