Президент Қаржы орталығын одан әрі дамытуға қатысты бірқатар өзекті міндетті айқындап берді

Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Президентке «Астана» халықаралық қаржы орталығының былтырғы және биылғы I тоқсанда атқарған жұмысының нәтижелері баяндалып, орталықты дамыту жоспары таныстырылды. Ренат Бектұровтың айтуынша, Қаржы орталығы іске қосылған сәттен бері елімізге 11 миллиард доллардан астам (2023 жылғы және осы жылдың алғашқы 3 айындағы 3,5 миллиард доллар қаржыны қоса алғанда) инвестиция тартуға атсалысқан. Бұл 2025 жылға алдын ала белгіленген мақсатты көрсеткіштен асып түсті. Қасым-Жомарт Тоқаевқа өткен жылы АХҚО-да тіркелген компаниялардың саны 670-тен (жалпы әлемнің 78 елінен 2600-ден аса компания) асқаны жөнінде мәлімет берілді. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Бектұровтың сөзінше, былтыр және осы жылдың алғашқы үш айында Орталық қатысушылары мемлекет бюджетіне 48,7 миллиард теңге салық төлеген. Дауларды шешуде АХҚО соты мен Халықаралық арбитраж орталығы сияқты институттар табысты жұмыс істеп жатыр. 2023 жылы 767 коммерциялық іс қаралған. Президент өз кезегінде Қаржы орталығын одан әрі дамытуға қатысты бірқатар өзекті міндетті айқындап берді. Атап айтқанда, АХҚО-ның өңір үшін жасыл қор тарту және Орта дәлізді дамыту ісіндегі рөліне тоқталды. Еліміздегі «жасыл» облигациялар мен кредиттердің 60 пайыздан астамы АХҚО Жасыл қаржы орталығының қолдауымен берілді. Қаржы орталығының юрисдикциясында Орта дәліз жобасы аясында бірлескен кәсіпорындар жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі жағдайда мәмілелер жасау үшін АХҚО инфрақұрылымын белсенді пайдалана отырып, Қазақстан экономикасына инвестиция тартуға көмектесетін барлық мемлекеттік орган мен оған жетекшілік ететін қаржы институттарының күш-жігерін біріктіру қажет екеніне назар аударды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: қаза тапқандардың ішінде астаналық нотариус пен оның ұлы болған
«Жаңа Қазақстан қашан орнайды» – депутат Зайытов, Сарым мен Мұқаев не деп жауап берді
Toyota жаңа «спорттық» Camry моделін таныстырды
Иван Дычконың жекпе-жегі кейінге шегерілді
Қазақстанда шаштараз және сұлулық салондарының қызметтері қымбаттады
Брокколи мен қырыққабат аллергияның алдын алады
Екі банктің байқауының жеңімпазы бір адам болып шықты
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда 18 жаңа білім беру нысаны салынды
Ақтаудағы ұшақ апатына ресейлік зымыран себеп болған – Euronews
Алматы-Өскемен тас жолында желден жүк көлігі аударылып қалды
Ақтау әуежайы апатқа ұшыраған ұшақты қабылдауға дайын болды – Көлік министрі
Жоғары аудиторлық палата 2024 жылғы жұмысының қорытындылары
Сот вайнер Шерниязовтың өтініші бойынша шешім шығарды
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Медиасауатты дамыту, Euronews кеңсесі: ақпарат саласы бойынша биылғы жылдың маңызды оқиғалары
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды