Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұровты қабылдады.Кездесу барысында Президент кәсіпкерлердің құқығын қорғау жұмыстарын жандандыру қажет екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев бизнеске қатысты әкімшілік кедергілерді анықтауға және оларды жою шараларын әзірлеуге, сондай-ақ отандық кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.