Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша Қазақстан халқын бүгінгі Амал мерекесімен құттықтады.Президент бұл мейрамды "ұлтымыздың бауырмалдық салтының жарқын көрінісі" деп бағалады. "Көктемнің алғашқы лебін ала келетін бұл күнді жұртшылық ежелден асыға күткен. Елдік пен ынтымаққа шақыратын осы мейрам – ұлтымыздың бауырмалдық салтының жарқын көрінісі. Жыл берекелі болсын, ағайын!" – деп жазылған Президенттің Twitter парақшасында.