Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей, Беларусь және Қырғызстан үкіметтерінің басшыларымен кездесті. Мемлекет басшысы қазақ жерінде тұңғыш рет өткізіліп жатқан өнеркәсіп көрмесіне қолдау көрсеткені үшін оларға ризашылық білдірді. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Бүгінде аталған іс-шара тұрақты іскерлік алаңға айналып келеді. Бұл – қуанышты жайт. Көрме аясында әлеуетті серіктестер мен инвесторлар елдеріміздің индустриялық секторының жетістіктерімен жақынырақ танысады, сондай-ақ өзара тиімді жобаларды іске асыру үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады Мемлекет басшысының айтуынша, өнеркәсіп, энергетика, машина жасау, ауыл шаруашылығы және экономиканың басқа да салаларында бірлескен кәсіпорындар мен ірі жобалар саны артқан. Бұл Одаққа мүше елдердің сыртқы сауда көлемінің үздіксіз ұлғайып, биылғы бірінші жартыжылдықта 13 пайызға жеткенінен байқалады. Президент үкіметтер басшыларына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер ынтымақтастықты айтарлықтай нығайту үшін мол әлеуетке ие, сондықтан оны ілгерілету мақсатында барлық мүмкіндікті белсенді пайдаланған жөн деп пікір білдірді. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті. Бұл Одақ өте перспективті интеграциялық ұйым деп санаймыз. Одақтың экономикалық әлеуетінің мүмкіндіктері зор.