Президент қазақстандық әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық әйелдер қауымын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды. Қымбатты ханымдар!Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сұлулық пен үйлесімді айшықтайтын шуақты көктем мерекесінде біз барша асыл жандарға ерекше құрмет көрсетіп, ықылас-ілтипат білдіреміз.Сіздер түрлі салада жемісті еңбек етіп, елімізді өркендетуге белсенді атсалысып келесіздер. Кез келген шаруаға жауапкершілікпен қарап, әрбір істің берекесін арттыруға ұйытқы болып жүрсіздер. Ардақты аналар бүкіл саналы ғұмырын баласының болашағына арнап, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп отыр. Осы мәртебелі миссиясын кәсіби қызметімен және қоғамға пайдалы жұмыстармен бірге атқарып жүрген арулар да аз емес. Әйелдерге жан-жақты жағдай жасау, олардың құқығын қорғау және отбасы институтын нығайту – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы.Еліміздің қыз-келіншектері жасампаздық қасиетімен қоғамның құндылықтар жүйесін жаңартуға және Әділетті Қазақстанды құруға өлшеусіз үлес қоса береді деп сенемін. Көктем мерекесі көңілдеріңізге шаттық сыйласын! Баршаңызға бақ-береке және толағай табыс тілеймін!

Читать источник astanatv.kz/kz/
Атырау облысында құжатсыз мал тасығандар жауапқа тартылып жатыр
Ұлттық театр «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсына шақырады
«Кейбір еркексымақтардан пайда жоқ»: Бір қап қантты 50 рет көтерген бойжеткен талқыға түсті (ВИДЕО)
«Кейбір еркексымақтардан пайда жоқ»: Бір қап қантты 50 рет көтерген бойжеткен талқыға түсті (ВИДЕО)
«Қазақтарға түкіргенім бар» деген ресейлік әнші Алматыда концерт қоймақшы
Атырау облысында құжатсыз мал тасығандар жауапқа тартылып жатыр
Алматыда әскери-техникалық мектепте ант беру рәсімі өтті
Ұлттық қорғаныс университетінде Корея Республикасының Елшісі дәріс оқыды
Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланған топ анықталды
Петропавлда ер адам әйелін ұрып тастаған: полиция пікір білдірді
Павлодар облысындағы балабақшада балалар үш ай жарықсыз отырған
Алматыда қараусыз қалған бос жер жаяу жүргіншілер аймағына айналды
Ұлттық театр «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсына шақырады
Грузия ЕО-ға кіру туралы келіссөздерден бас тартты
Нидерланды Украинаға тағы үш Patriot зымыран тасығыштарын тапсырды
Румынияда президенттік сайлаудағы дауыстарды қайта санау басталды
ТЖМ құтқарушылары Пионер шыңын бағындырды
Жаңаөзенде төртінші қабаттан секірген ер адам жансақтау бөліміне түсті
Абайлаңыз! Жүргізушілер не үшін куәлігінен айырылуы мүмкін?
Астанада Ахмет Байтұрсынұлы мен Мағжан Жұмабаевтың жинақтары таныстырылды
2035 жылға дейін елордада 2 мың гектар жердегі ескі құрылыс сүріледі
Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланған топ ұсталды
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтеруі мүмкін
«Әйеліме әлемді көрсетемін деп уәде бердім»: актер Жанатбек Бәйтеков отбасы туралы айтты