Президент қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады. Қадірлі отандастар!Сіздерді Отан қорғаушы күнімен құттықтаймын!Еліміздегі бейбітшілік пен тыныштықты сақтап, қастерлі құндылықтарды орнықтыра түсу үшін бұл мерекенің маңызы зор.Әскери борышты өтеу Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі екені анық. Халыққа қалтқысыз қызмет ету – әрбір адал азаматтың перзенттік парызы.Қазақстан ұлттық мүддені қорғауға, аумақтық тұтастықты сақтауға және тұрақтылықты қамтамасыз етуге баса мән береді. Айбынды армиямыз егемендігіміздің кепілі, мемлекеттілігіміздің мызғымас тірегі саналады.Біз әскеріміздің әлеуетін оқу-жаттығу жиындарында ғана емес, нақты міндеттерді жүзеге асыру барысында да көріп жүрміз. Алапат тасқын ел-жұртқа қауіп төндіргенде, сарбаздарымыз алдыңғы шептен табылды. Олар өздеріне жүктелген міндетті мінсіз атқарып, отаншылдықтың озық үлгісін көрсетті.Еліміздің қорғаныс қабілетін күшейту және әскери қызметкерлерді қолдау қашанда мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала береді.Қарулы Күштеріміздің мерейі үстем болсын!Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қостанай облысында жарылыстың алды алынды
СҚО-да Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының экс-орынбасары ұсталды
«Дұшпандарға да мереке сыйлап тұру керек»: Мақпал Жүнісова желіде тараған видеосы туралы айтты
Ақтөбе облысында жол апатынан бір адам қаза тапты
Дубай шоколады аллергиясы бар адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін
Тұман түсіп, жел тұрады: 24 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Ақтауда екі көлік соқтығысып, бірнеше адам зардап шекті
24 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Семейде Абай атындағы ғылыми-мәдени орталық ашылды
Ш. Уәлиханов атындағы №12 гимназия 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Ультрадыбыстық зерттеу денсаулыққа зиян келтіретіні рас па?
Елімізде жалға берілген пәтерді жекешелендіруге рұқсат етіледі
XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің қазылар алқасының 70%-ы - шетелдік сарапшылар
Қазақстандық аграрлық ЖОО Ресей университеттерімен ынтымақтастықты күшейтеді
Артық салмақ қосып алмас үшін кешкі асқа не жеу керек?
«Тіл мәселесін түзеуді балабақшадан бастауымыз керек»: Белгілі актер тіл мәселесін сынға алды
Таразда прокуратура қызметкері ұсталды
Әнші Заттыбек Көпбосынұлы «Ақмаржан» әнінің авторына құрмет көрсетті
«Яшлык» ансамблі 50 жылдық мерейтойын атап өтті
Серуендеу - ми жұмысын жақсартудың ең оңай әрі жылдам әдісі
Алматыда тауға жалғыз шыққан жасөспірім адасып кетті
Хорватия компаниялары Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға шақырылды
«Үйленетін қыз іздеп жүрмін»: Нұрбек Оралбай қашан шаңырақ көтеретінін айтты
Алматыда Қазақстан мен Ресей волонтерлік ұйымдарының слеті өтті