Президент көп ұзамай Үкіметтің кеңейтілген отыры­сы өтетінін жариялады

Қасым-Жомарт Тоқаев Egemen Qazaqstan газетіне берген сұхбатында биыл іске асатын міндеттер жайында әңгімеледі.— Мен өткен қыркүйектегі Жол­дауым­да жаңа экономикалық үлгіге көшеті­ні­мізді айттым, 2029 жылға қарай жалпы ішкі өнімді қазіргіден екі есеге арттыру мәселесін басты стра­те­гия­лық мақсат ретінде белгіледім. Көп ұзамай Үкіметтің кеңейтілген отыры­сы өтеді. Онда еліміздің был­тыр­ғы әлеуметтік-экономикалық даму қо­ры­тындысы шығарылып, алдағы жұмыстың амал-тәсілдері айқындалады. Ұлттық құрылтайдың отырыстары идеология саласындағы мәселелерді, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру ісін, қоғамның құндылықтар жүйесін жаңғырту жайын талқылайтын тиімді пікірталас орнына айналды. Бұған дейін жаздыгүні шақырылып келе жат­қан Құрылтайдың отырысын биыл сәл ертерек, көктемде өткізетін шығармыз. Осылайша, биыл экономикалық, қоғамдық-саяси және гуманитарлық салаларда атқарылатын жұмыстың негіз­гі бағыт-бағдары бірінші тоқ­санда-ақ айқындалады, — деп жауап берді Президент. Оның айтуынша, осындай маңызды оқиғалардан бөлек, күнделікті атқарылуға тиіс жұмыстар да аз емес. — Бұл жылдың ел тарихында қандай орын алатыны барша азаматымыздың ерік-жігеріне де байланысты. Мен жаңажылдық құттықтауымда биыл бәріміз тұтас ұлттың өсіп-өркендеуіне куә болатынымызды айттым. Бірақ осы мақсатқа жету үшін біз бір ел болып, білек сыбана жұмыс істеуіміз керек, — дейді ол.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шымкентте екі қабатты мейрамханадан өрт шықты
Қазақстан полициясы күшейтілген режимге көшті
Балаға гаджеттерді қанша жастан бастап беруге болады?: 14 желтоқсан 2024, 13:21 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды
«Майқайыңалтын» кенішінде жұмысшы қаза тапты
Садриддин Ахмедов АҚШ-та жеңіске жеткеннен кейін марқұм Шерзат Болат туралы айтты
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Джанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Жанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Таразда құтқарушылар 3 жасар балаға көмектесті
Экс-футболшы Грузия президенті боп сайланды
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды
Грузия жаңа президентін сайлады
Азаматтығын ауыстырған ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан чемпионы атанды
Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов сотқа мерзімінен босату туралы шағым түсірген
Екі облыста жолдар жабылды
Оралда құтқарушылар 6 сиырды жұқа мұздың үстінен эвакуациялады
Ертең еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Сириялықтар Асад билігінің құлауын тойлап жатыр
Атырауда жол апатынан үш адам зардап шекті