Президент Қытайдың Сыртқы істер министрін қабылдады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Мемлекеттік кеңесінің мүшесі, Сыртқы істер министрі Ван Иді қабылдады.Ақорданың хабарлауынша, кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай дипломатиясының әлемдік саясатта аса маңызды рөл атқаратынына тоқталды. Оның айтуынша, Қытайдың бастамалары жаһандық күн тәртібіне ықпал етеді және халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға елеулі үлес қосады. Мемлекет басшысы Қытайды тауар өндіру және экспорттау, технологиялық инновация, экономикалық өсім, халықаралық инвестиция және басқа да көптеген салада мойындалған көшбасшы ел ретінде атап өтті. Президент БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК сияқты халықаралық ұйымдар аясындағы қазақ-қытай қатынастарына жоғары баға берді. «Қазақстан Қытайдың сенімді серіктесі және солай болып қала береді. Бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Шын мәнінде, екі ел арасындағы байланыстар мен ынтымақтастықтың болашағы зор», – деді Президент. Министр Ван И қазақ жерінде құрмет көрсеткені үшін мемлекет басшысына алғыс айтып, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің ізгі тілегін жеткізді. Кездесуде сауда-экономикалық, энергетикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ықпалдастықты одан әрі нығайту перспективалары, сондай-ақ үкіметаралық қатынастарды кеңейту мүмкіндіктері талқыланды. Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге сәлемін жолдап, оның Астанаға жасайтын алдағы мемлекеттік сапарына үлкен үміт артатынын жеткізді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ресейдің жүздеген тонна жүгі бар кемесі Жерорта теңізіне батып кетті
Апатқа құлаған ұшақта болғандардың толық тізімі жарияланды
Маңғыстау облысының әкімі ұшақ апаты болған жерге барды
Ақтауда такси 10 теңге
Алматыда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толу құрметіне ғылыми - практикалық конференция өтті
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Қазақстанның атынан үш теннисші Australian Open 2025 турниріне қатысады
Әзірбайжандықтар ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға келді
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты
Ақтау маңындағы әуе апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы жаңа мәліметтер
Әке дұғасы – тіреу, ана тілеуі – демеу
Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады
Құрылыс ережелері мен Қала құрылысы регламенті қабылданды
2024 жылы ауылдарда 263 медициналық нысан пайдалануға берілді
ХӘОТ санатындағы алматылықтарға тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығындардың артуы өтеледі
Талдықорғанда биыл тұрғын үй кезегі 8,3 пайызға қысқарды
Спорт министрлігінің шенеуніктері ₸584 млн жымқырған
«AMANAT» партиясы Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты
Үкімет жанынан құрылған комиссия Ақтаудағы ұшақ апаты болған жерде жұмысын бастады
Ұшақ апаты. Үкімет жанынан құрылған комиссия жұмысын бастады
Ақтаудағы апат: екі бала жарақат алды
«AMANAT»-та Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтылды
Нью-Йоркте Қазақстан шахматшыларының қатысуымен әлем чемпионаты өтеді
Қазақстанда жылдың үздік спортшысы анықталды