Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады. Президент ведомство басшысына бірқатар міндет жүктеді. Мәдени-тарихи нысандардың инфрақұрылымын дамытып, Қазақстанның мәдениетін шетелде дәріптеуді тапсырды. Бұдан бөлек, креативті индустрияны институционалдық тұрғыда қолдау қажеттігіне баса мән берді. Аида БАЛАЕВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ:Бүгін мемлекет басшысына Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндадым. Ол ақпарат, мәдениет, креативті индустрия, азаматтық қоғам, дін мен ұлтаралық қатынастар, жастар және отбасылық - демографиялық саясат салаларындағы министрліктің қызметінің барлық бағыттарына қатысты мәселелер кеңінен талқыланды.