Иран президентінің тікұшағындағылардың барлығының денесі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты."Президенттік тікұшақ апатынан қаза тапқандардың барлық денелері апат орнынан жедел жәрдем көліктеріне жеткізіліп, Табризге жеткізіледі... Қаза тапқандардың денелерін іздеу жұмыстары аяқталды", - деді Иранның Қызыл Жарты Ай қоғамының басшысы Пир Хосейн Коливанд. Тікұшақ бортында: Иран президенті Ибрахим Раиси, Сыртқы істер министрі Хоссейн Амир Абдоллахиян, иранның шығыс Әзірбайжан провинциясының губернаторы Малик Рахмети және Табриз провинциясының аятолла Али Хашим болды.