Президент Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын қабылдады

Президент Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын қабылдады.Президент делегация басшыларына ілтипат білдіре отырып, Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестері хатшыларының алғашқы кездесуі сыртқы және ішкі сын-қатерлер мен қауіптің алдын алу үшін күш-жігер біріктіретін, сондай-ақ оған қарсы тұруға қажетті шараларды әзірлейтін тиімді алаңға айналуы керек екенін атап өтті. – Аймақтық ынтымақтастық барлық бағыт бойынша қарқынды дамуда. Осы тұрғыдан алғанда, бұл – өте маңызды әрі оң үрдіс. Мемлекетаралық саяси диалог та мүлде жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Өңір елдері арасындағы өзара сауда-экономикалық ықпалдастық белсенді түрде кеңеюде. Соңғы бес жылда өңірішілік сауда-саттық көрсеткіші 80 пайыздан астам артып, 10 миллиард доллардан асқан. Бұл ретте елдер арасындағы экспорттық-импорттық операцияларды жоспарлы түрде ұлғайту, тауарлардың номенклатурасын көбейту мәселелері шешіліп жатыр. Бизнес арасындағы байланыс күшейіп, бірлескен кәсіпорындардың саны арта түсті. Аймақтық ірі жобалар бәрімізге айтарлықтай пайда әкеліп қана қоймай, Орталық Азия экономикасының бүкіл құрылымын да өзгертеді. Көлік-логистика әлеуетінің еселенуі өңірдің қарқынды дамуы үшін берік негіз болады. Сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстар жанданып, Орталық Азия мемлекеттері арасындағы қатынастардың одан әрі нығая түсуіне ықпал етеді, – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, бұл процестер өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету саласындағы нәтижелі диалогпен дәйектелуге тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев заманауи сын-қатерлердің көбі трансшекаралық сипатқа ие екенін айтты. Сондықтан оларға қарсы тұру үшін күш-жігер біріктіру қажет.– Бұл жерде, ең әуелі, халықаралық экстремизм мен терроризмге, есірткі тасымалына, қару-жарақ саудасына қарсы күрес туралы сөз болып отыр. Осы орайда Ауғанстанға баса мән беруіміз керек. Бұл елде күрделі әрі түрлі бағыттағы процестер жүріп жатыр. Онда белгілі бір деңгейде тұрақтану, экономикалық жағдайдың жандану белгілері бар екенін мойындау қажет. Екінші жағынан, халықаралық террористік ұйымдардың белсенділігіне байланысты қауіп-қатердің жоғары деңгейі сақталып отыр. Бұған Мәскеу облысында жұртты қанға бөктірген лаңкестік әрекет дәлел бола алады. Біздің ойымызша, Ауғанстанды өңірлік байланыстарға белсенді тарту – дәл қазіргі кездегі стратегиялық міндеттердің бірі. Мұнда көп нәрсе біздің елдеріміздің үйлесімді ұстанымына байланысты. Қазақстанда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Орнықты даму жөніндегі аймақтық орталығын ашу өзекті мәселе деп санаймыз, – деді Президент. Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінгі басқосу Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алтыншы Консультативтік кездесуіне дайындықтың маңызды кезеңі саналады. Аталған жиын 9 тамызда Астанада өтеді. Сондай-ақ Қазақстан ұйымның биылғы төрағасы ретінде алдағы саммиттің әлеуетін нығайту үшін белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.– Біз Аймақтық кооперацияны дамыту жөніндегі «Орталық Азия – 2040» стратегиясын әзірледік. Өңірлік тығыз қарым-қатынастың басымдықтары, ең алдымен, бесжақты ықпалдастықты кеңейтуге және Орталық Азияның халықаралық субъектілігін нығайтуға бағытталған. Бұл құжатты Астанадағы саммит барысында қабылдаудың өңір үшін концептуалды мәні зор болатынына сенімдімін. Елдеріміз арасындағы қатынастардың ерекше сипаты Орталық Азияны ХХІ ғасырда дамытуды көздейтін достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартта бекітілген. Бұл құжат стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтереді. Осы тарихи шартқа қол қою рәсімінің аяқталуы және оның күшіне енуі Астанадағы саммиттің басты нәтижесінің бірі болар еді деп санаймын. Біздің бесжақты форматты институционалдық тұрғыда одан әрі жетілдіру өзекті болып қала береді, – деді Қазақстан Президенті. Қасым-Жомарт Тоқаев достық, тату көршілік және одақтастық рухындағы өңірлік ықпалдастықтың деңгейі жоғары екенін атап өтті. Оның айтуынша, ынтымақтастық тек өңір ішінде ғана шектеліп қалмайды. – Шетелдік серіктестермен жан-жақты байланыстар жоспарлы түрде нығайып келеді. Өздеріңізге мәлім, әлемдік ойыншылар «Орталық Азия +» форматындағы белсенді ықпалдастыққа зор қызығушылық білдіріп отыр. Былтыр өткізілген кездесулердің (Орталық Азия – Еуропа Одағы, Орталық Азия – ҚХР, Орталық Азия – АҚШ, Орталық Азия – Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі, Орталық Азия – Германия) қорытындылары – соның айқын дәлелі, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті жиынға қатысушыларды аймақтағы елдерді бір-біріне қарсы қоюға және оларды араздастыруға тырысушы бөгде күштерге бірлесіп қарсы тұруға шақырды. – Біз мұндай тәсілдер мен әрекеттерге ашық қарсымыз. Бұған күмән болмасын. Жалпы, біздің елдеріміз арасында өзара оңтайлы шешім таба алмайтын мәселе жоқ және болмауға тиіс. Тек ортақ іс-қимыл синергиясы мен өзара қолдау бауырлас халықтарымыздың өркендеуіне жол ашатынына сенімдімін. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстандағы су тасқыны кезінде бауырлас халықтардың тілеулестік танытып, көрсеткен көмегі үшін сіздердің елдеріңізге шын жүректен ризашылығымды білдіргім келеді. Біз мұны жоғары бағалаймыз және оны шынайы достықтың, тату көршіліктің және өзара қолдаудың айқын дәлелі ретінде қарастырамыз, – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі кездесудің қорытындысы Орталық Азия елдерінің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығын нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді. – Біз ахуалдың ынтымақтастықты дамыту және өзара сенім бағытына қарай түбегейлі өзгергенін ерекше атап өтеміз. Осыдан 10 жыл бұрын Орталық Азия өңірінде мұндай жағдай болған жоқ деп нық сеніммен айта аламын. Экономикалық ведомстволарды басқаратын тұлғалардан бөлек, қазір мемлекеттер басшылары, үкіметтер мен күштік құрылымдардың жетекшілері, қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасайды. Бұл Орталық Азия аймағындағы жағдайдың орнықты даму бағытына түскенін көрсетеді, – деді Қазақстан Президенті. Жиынға Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов, Қырғызстан Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Марат Иманкулов, Тәжікстан Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Насрулло Махмудзода, Өзбекстан Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Виктор Махмудов және Түрікменстанның Қазақстандағы елшілігінің әскери атташесі Аннамырат Ягмыров қатысты.

Іле Алатауы тауларынан жасөспірім құтқарылды
Іле Алатауы тауларынан жасөспірім құтқарылды
  • baq.kz
Барлық өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Барлық өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
  • baq.kz
“Суық пен аштықтан қиналып қалдым“: жасөспірім тауға шығып, түсе алмай қалған
“Суық пен аштықтан қиналып қалдым“: жасөспірім тауға шығып, түсе алмай қалған
  • Massaget
Ақтөбе облысында жол апатынан бір адам қаза тапты
Ақтөбе облысында жол апатынан бір адам қаза тапты
  • el.kz
Дубай шоколады аллергиясы бар адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін
Дубай шоколады аллергиясы бар адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін
  • aqshamnews
  Тұман түсіп, жел тұрады: 24 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Тұман түсіп, жел тұрады: 24 қарашаға арналған ауа райы болжамы
  • aikyn
Ақтауда екі көлік соқтығысып, бірнеше адам зардап шекті
Ақтауда екі көлік соқтығысып, бірнеше адам зардап шекті
  • Massaget
24 қарашаға арналған ауа райы болжамы
24 қарашаға арналған ауа райы болжамы
  • baq.kz
Семейде Абай атындағы ғылыми-мәдени орталық ашылды
Семейде Абай атындағы ғылыми-мәдени орталық ашылды
  • el.kz
Ш. Уәлиханов атындағы №12 гимназия 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Ш. Уәлиханов атындағы №12 гимназия 100 жылдық мерейтойын атап өтті
  • aqshamnews
Ультрадыбыстық зерттеу денсаулыққа зиян келтіретіні рас па?
Ультрадыбыстық зерттеу денсаулыққа зиян келтіретіні рас па?
  • aqshamnews
Елімізде жалға берілген пәтерді жекешелендіруге рұқсат етіледі
Елімізде жалға берілген пәтерді жекешелендіруге рұқсат етіледі
  • baq.kz
XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің қазылар алқасының 70%-ы - шетелдік сарапшылар
XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің қазылар алқасының 70%-ы - шетелдік сарапшылар
  • aqshamnews
Қазақстандық аграрлық ЖОО Ресей университеттерімен ынтымақтастықты күшейтеді
Қазақстандық аграрлық ЖОО Ресей университеттерімен ынтымақтастықты күшейтеді
  • el.kz
Артық салмақ қосып алмас үшін кешкі асқа не жеу керек?
Артық салмақ қосып алмас үшін кешкі асқа не жеу керек?
  • Massaget
«Тіл мәселесін түзеуді балабақшадан бастауымыз керек»: Белгілі актер тіл мәселесін сынға алды
«Тіл мәселесін түзеуді балабақшадан бастауымыз керек»: Белгілі актер тіл мәселесін сынға алды
  • sn.kz
  Таразда прокуратура қызметкері ұсталды
Таразда прокуратура қызметкері ұсталды
  • aikyn
Әнші Заттыбек Көпбосынұлы «Ақмаржан» әнінің авторына құрмет көрсетті
Әнші Заттыбек Көпбосынұлы «Ақмаржан» әнінің авторына құрмет көрсетті
  • turkystan
«Яшлык» ансамблі 50 жылдық мерейтойын атап өтті
«Яшлык» ансамблі 50 жылдық мерейтойын атап өтті
  • baq.kz
Серуендеу - ми жұмысын жақсартудың ең оңай әрі жылдам әдісі
Серуендеу - ми жұмысын жақсартудың ең оңай әрі жылдам әдісі
  • aqshamnews
Алматыда тауға жалғыз шыққан жасөспірім адасып кетті
Алматыда тауға жалғыз шыққан жасөспірім адасып кетті
  • aqshamnews
Хорватия компаниялары Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға шақырылды
Хорватия компаниялары Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға шақырылды
  • el.kz
  «Үйленетін қыз іздеп жүрмін»: Нұрбек Оралбай қашан шаңырақ көтеретінін айтты
«Үйленетін қыз іздеп жүрмін»: Нұрбек Оралбай қашан шаңырақ көтеретінін айтты
  • aikyn
Алматыда Қазақстан мен Ресей волонтерлік ұйымдарының слеті өтті
Алматыда Қазақстан мен Ресей волонтерлік ұйымдарының слеті өтті
  • baq.kz
Магические прогнозы. Шоу “Расклад” продолжает гадать на спорт
Магические прогнозы. Шоу “Расклад” продолжает гадать на спорт
  • Smi24
Үйленетін қыз іздеп жүрмін – боксшы Нұрбек Оралбай
Үйленетін қыз іздеп жүрмін – боксшы Нұрбек Оралбай
  • turkystan
«Сөздерімді әдейі бұрмалады». Қонысбаев ресейлік БАҚ-ты айыптады
«Сөздерімді әдейі бұрмалады». Қонысбаев ресейлік БАҚ-ты айыптады
  • 1bol.kz
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Қытайдағы Гран-при кезеңінде күміс алды
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Қытайдағы Гран-при кезеңінде күміс алды
  • sn.kz
Қазақстандық файтер бір соққыдан сұлап түсті (ВИДЕО)
Қазақстандық файтер бір соққыдан сұлап түсті (ВИДЕО)
  • penalty
Нұрбек Оралбай: Үйленетін қыз іздеп жүрмін
Нұрбек Оралбай: Үйленетін қыз іздеп жүрмін
  • penalty
Қазақ файтері UFC-ге іліге алмады
Қазақ файтері UFC-ге іліге алмады
  • penalty
Әскерилер арасында әлем кубогының жеңімпаздары анықталды
Әскерилер арасында әлем кубогының жеңімпаздары анықталды
  • penalty
Қорғаныс министрлігі елорда тұрғындарына үндеу жасады: 23 қараша 2024, 15:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қорғаныс министрлігі елорда тұрғындарына үндеу жасады: 23 қараша 2024, 15:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
“ҚТЖ-Жүк тасымалы“ филиалы депосының бастығы сотталды: 22 қараша 2024, 09:47 - жаңалықтар Tengrinews.kz
“ҚТЖ-Жүк тасымалы“ филиалы депосының бастығы сотталды: 22 қараша 2024, 09:47 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Премьер-министр Қазақстанда шұғыл жиын өткізді
Премьер-министр Қазақстанда шұғыл жиын өткізді
  • TengriNews
Экс-министр Марат Бекетаевтың ұсталуы
Экс-министр Марат Бекетаевтың ұсталуы
  • TengriNews
Желтоқсанда көптеген қазақстандық үшін ұялы байланыс пен интернет қымбаттайды
Желтоқсанда көптеген қазақстандық үшін ұялы байланыс пен интернет қымбаттайды
  • TengriNews
WhatsApp-та тағы бір пайдалы функция пайда болады
WhatsApp-та тағы бір пайдалы функция пайда болады
  • TengriNews
Психосинтездегі тұлғаның даму мәселесі. Ұжымдағы тұлғаның «менінің» рөлі
Психосинтездегі тұлғаның даму мәселесі. Ұжымдағы тұлғаның «менінің» рөлі
  • bugin.kz
Сапа қашан жақсарады? Министрге ұялы байланыс операторлары туралы сұрақ қойылды: 21 қараша 2024, 11:01 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Сапа қашан жақсарады? Министрге ұялы байланыс операторлары туралы сұрақ қойылды: 21 қараша 2024, 11:01 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Прагада өткен Димаштың концертінде 9 жасар қыз тыңдармандарды таңдай қақтырды
Прагада өткен Димаштың концертінде 9 жасар қыз тыңдармандарды таңдай қақтырды
  • sn.kz
Белгілі «Яшлык» ансамблі 50 жылдық мерейтойын атап өтті
Белгілі «Яшлык» ансамблі 50 жылдық мерейтойын атап өтті
  • el.kz
Түркі халықтарының бауырластығы нығаяды: Алматыда "Түрксой" медиа білім беру және зерттеу орталығы ашылды
Түркі халықтарының бауырластығы нығаяды: Алматыда "Түрксой" медиа білім беру және зерттеу орталығы ашылды
  • bugin.kz
Сәкен Майғазиевтің туған әпкесі өмірден озды
Сәкен Майғазиевтің туған әпкесі өмірден озды
  • sn.kz
Жылыту маусымы басталғалы өрттен 41 адам қаза болды
Жылыту маусымы басталғалы өрттен 41 адам қаза болды
  • turkystan
Енді баспанасы жоқ кез келген адам үй кезегіне тұра алады
Енді баспанасы жоқ кез келген адам үй кезегіне тұра алады
  • turkystan
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері алаяқтық жасады деп ұсталды
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері алаяқтық жасады деп ұсталды
  • turkystan
Атырауда әнұранды сыйламаған әскери қызметкер жазаланды
Атырауда әнұранды сыйламаған әскери қызметкер жазаланды
  • turkystan