Президент Ресей хоккей федерациясының президенті Владислав Третьякты қабылдады

Мемлекет басшысы Ресей хоккей федерациясының президенті Владислав Третьякты қабылдады.Кездесуде ТМД елдерінде хоккейді дамыту мәселелері талқыланды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жылдары Қазақстанда хоккей спортының ауқымы айтарлықтай кеңейгенін атап өтті.Мемлекет басшысының пікірінше, елордалық "Барыс" клубы бастаған отандық командалардың ҚХЛ чемпионатына және басқа да турнирлерге қатысуы, сондай-ақ ұлттық құраманың әлемдік біріншіліктерде табысты өнер көрсетуі аталған спорт түрін кеңінен дәріптеуге оң ықпал етеді. Атап айтқанда, Қазақстанда хоккей мектептері мен жастар командалары көбейіп, түрлі деңгейдегі жарыстар белсенді ұйымдастырыла бастады. Владислав Третьяк қонақжайлық танытқаны және Астанада өтіп жатқан "Qazaqstan Hockey Open 2024" халықаралық турнирінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін ризашылығын білдірді. Сондай-ақ ол Қазақстан хоккейінің өкілдері едәуір табысқа жеткеніне назар аударып, мұндай жетістік спорттың командалық түрлеріне мемлекет тарапынан лайықты деңгейде мән берілуінің нәтижесі екенін айтты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Атырау облысында тас жол опырылып, көлік шұңқырға түсіп кетті
Қазақстандық гимнастшы Азия чемпионатында жүлдегер атанды
Интернет болмаса қайтер едік?
Астанада Жарсуат тұйық көшесі жөндеу жүруіне байланысты уақытша жабылады
ШҚО полицейлері есірткі тарату арнасын жойды
Блогер Мұрат Әбділда үкімді айыппұлға ауыстыруды сұрады
Техникалық пен кәсіптік білім беру ұйымдарына мемлекеттік тапсырыс ұлғайтылды
Қасым-Жомарт Тоқаев Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагимді әуежайдан шығарып салды
75 мыңнан астам азамат құмар ойыннан бас тартты
Малайзия премьер-министрі Тоқаевқа тосын сый жасады
Алматы облысында заңсыз салынған нысандар бұзылып жатыр
Бюджеттік миллиардтарды заңдастырған азамат бас бостандығынан айырылды
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Малайзия премьер-министрі торт сыйлады
«Happy birthday Mr. President!»: Малайзия премьері Тоқаевты ерекше құттықтады
Алматыда лифтіде әйелді ұрған ер адам ұсталды
«Атырау-Индер» бағытында тас жол опырылып, көлік шұңқырға түсіп кетті
Президент Малайзия Премьер-министрін шығарып салды
Instagram-да заңсыз лотерея ұйымдастырған павлодарлық блогер жазаланды
Малайзия премьер-министрі Тоқаевқа туған күніне шағын сыйлық жасады
Өскеменде діни экстремистік материалдарды насихаттаған ер адам ұсталды
"Сол қыз - мен". Дина Төлепберген ешкімге айтпаған жан сырын бөлісті
Президент Малайзия Премьер-министрін шығарып салды
Атырау облысында тас жол опырылып, көлік шұңқырға түсіп кетті
Ұрланған қаражатты заңдастырған Әнуарбек Жексенғалиев сотталды