Қытайлық компания елімізде құны миллиард доллардан асатын станциялар салуы мүмкін. Осы арқылы екі мемлекет арасындағы жасыл энергетика саласында бірлескен жобалар іске асады. Әсіресе баламалы қуат көздерін өндіруге басымдық берілген. Алпауыт кәсіпорын, алдымен, станцияны құрал-жабдықпен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев байланысты арттыруды қолдайтынын айтып, «Сани Груп» Директорлар кеңесінің төрағасы Сян Вэньбоны биыл елімізде өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды. Нұрлан ЖАҚЫПОВ, «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: Қазіргі таңда біз қуаттылығы СПИК компаниясымен 1 ГВТ жел электр станциясын жүзеге асырудамыз. 500 мвт Жамбыл облысында, 500 мвт Павлодар облысы Екібастұз қаласында.