Президент Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаевты қабылдады, деп хабарлайды  Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Дәулет Сәрсенбаев ғылыми орталықтың қазіргі атқарып жатқан жұмыстары жөнінде баяндады: былтыр қала аумағында орналасқан 16 сейсмикалық станцияның 11-не 527 миллион теңгеге құрал-жабдық сатып алынғаны туралы мәлімет берді; 2021-2023 жылдарға арналған мақсатты қаржыландыру бағдарламасының нәтижесінде 25 бақылау пункті ашылған; халықаралық ынтымақтастық аясында 10 жаңа станция ішінара жаңғыртылып, 6 жаңа станция пайдалануға берілген. Мемлекет басшысы сейсмикалық қауіпсіздік халықты қорғау деңгейіне, экономикалық нысандар мен қоршаған ортаның жай-күйіне әсер ететін ұлттық қауіпсіздіктің негізгі факторы саналатынын айтты. Президент ерте құлақтандыратын озық жүйе енгізуге және сейсмологтардың біліктілігін арттыруға қатысты бірнеше мәселеге назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаев ғылыми орталыққа жер сілкіністерін болжаудың ғылыми әдістерін қолдану және енгізу жөнінде маңызды міндет жүктелетінін айтты. Мемлекет басшысы орталықтың жұмысында ғылыми зерттеулерді дамыту және инновациялық технологияларды енгізу қажет екенін атап өтті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Дариға Бадықова Дубайға демалуға кинодағы «күйеуімен» бірге кетті
Алтынай Жорабаева алғаш рет кенже қызын көрсетті (ФОТО)
Қазақстанда жаңадан қазылған ұңғымаларда қанша тонна мұнай бар
Көшпенділер қалашығына жол салынбақ
Алматылық нейрохирургтер бала өмірін сақтап қалды
Алматыда төбелескен Үндістан студенттері еліне қайтарылады
Бактериялар Альцгеймер ауруын тудырады
Қазақстанда алаяқтар 24 миллиард теңгені жымқырған
Алматыда 2025 жылғы әлеуметтік төлемдер қалай өзгерді?
Көлік салығы толығымен алынып тасталды
Қазақстанда метапневмовирусқа байланысты карантин енгізуге негіз жоқ
Сирек кездесетін көз ауруы Алматыда сәтті емделді
Алматыда жедел жәрдем автопаркі 48 жаңа көлікпен толықты
Жұмысшы мамандықтар жылынан не күтеміз?
Қар тазалауға көліктер кедергі келтіруде
Тазалау жұмыстарына кедергі келтірмеңіздер
Қаладан 15 200 текше метрге жуық қар сыртқа шығарылды
2024 жылы полиция есірткі жеткізудің 94 ішкі арнасын жойды
2025 жылы қандай бағдарламамен үй алуға болады?
Қар да кәдеге асады
Маңғыстауда екі тоннаға жуық бекіре балығы тәркіленді
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Алматы қаласында алғашқы қар еріту пункті іске қосылды
NASA ғарышкерлері қаңтарда ашық кеңістікке екі рет шығады