Президент Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады

Президент Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады. Ержан Сәденов Мемлекет басшысына еліміздегі криминогендік ахуал туралы мәлімет берді. Жыл басынан бері қылмыс деңгейі төмендеген. Ұрлық, тонау, қарақшылық, бұзақылық, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық, мас күйінде және көшелерде жасалатын құқық бұзушылықтардың саны айтарлықтай азайған. Сондай-ақ, қылмыскерлерді іздестіру жұмысының нәтижесі туралы баяндады. Жыл басынан бері 782 адам, оның ішінде 79 азамат шетелде ұсталған. Іздеуде жүрген 16 адам елге экстрадицияланған."Террористік әрекет тұрғысынан алғанда осал екі мыңнан астам нысан, соның ішінде мектептер, жоғары оқу орындары, сауда және ойын-сауық орталықтары, концерт залдары мен басқа да тарихи-мәдени ғимараттар тексерілді. Жыл басынан бері елімізге 4,2 миллион шетел азаматы келіп, оның 4 миллионға жуығы шекарадан кері шыққан. Олардың 90 пайызы – ТМД азаматтары", - деді Ержан Сәденов.Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Бүгін – Мұстафа Өзтүріктің туған күні
Конор Макгрегор зорлау ісі бойынша кінәлі болып шықты
Тұрғын үйдің қабырғасын бүлдірген елорда тұрғыны жазаланды
Дубай шоколады аллергиясы бар адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін
Ш. Уәлиханов атындағы №12 гимназия 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Ультрадыбыстық зерттеу денсаулыққа зиян келтіретіні рас па?
XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің қазылар алқасының 70%-ы - шетелдік сарапшылар
Серуендеу - ми жұмысын жақсартудың ең оңай әрі жылдам әдісі
Алматыда тауға жалғыз шыққан жасөспірім адасып кетті
Астанада халықаралық STEM-олимпиада басталды
Жаңа жыл қарсаңында тірі шыршаларды қорғау қолға алынбақ
«Мұз» акциясы: бір адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Алматыда туристерді құтқару амалдары пысықталды
Жамбылда прокуратура қызметкері алаяқтық жасады деп ұсталды
2 млн теңге: Спорт журналистикасының үздіктері қомақты сыйақымен марапатталды
АҚШ долларының құны артты
Қазақстанда мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Абай облысында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды
Дәрігер қарттардың арқасының ауыруының ерекше себебін атады
Бақыт Сәрсекбаевтың әкесі өмірден өтті
Экология мен халықтың денсаулығын жақсарту тәсілдері белгіленді
Ауыл шаруашылығы саласының ардагерлеріне құрмет көрсетілді
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ұсталды
Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияға 100 жыл