Президент ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларымен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларымен кездесті. Бұл туралы Akorda.kz хабарлады.Қазақстан Президенті қазіргі уақытта Шанхай ынтымақтастық ұйымының Астанадағы саммитіне дайындық жүріп жатқанын айтып, аталған шараның еліміз үшін мәні зор екеніне назар аударды. Президент ШЫҰ кеңістігіндегі ұжымдық қауіпсіздіктің рөлі артып келе жатқанын ескере отырып, ұйымға мүше елдердің қауіпсіздік кеңесі хатшыларының кездесулері айрықша өзекті екенін атап өтті. – Өткен жылы әлемде өңірлік және жергілікті деңгейде 183 қақтығыс орын алды. Жанжалдардың саны шамамен 30 пайызға артқан. Бұл – соңғы отыз жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Сарапшылар қақтығыстар мен зорлық-зомбылық әрекеттерінің жаһандық циклы белең алып келе жатыр деп санайды. Осы ретте халықаралық терроризмнен де төнетін қауіп күшейіп келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысының айтуынша, таяуда көптеген бейбіт тұрғынның өмірін жалмаған Мәскеу облысындағы қайғылы оқиға лаңкестердің зорлық-зомбылықтың ең қатігез әрі зұлым тәсілдерін қолданатынын көрсетті. – Қазақстан лаңкестік әрекетті қатаң айыптайтынын бірден мәлімдеді және Ресеймен бірге екенін білдірді. Екі елдің арнаулы қызметтері терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ұдайы байланыста. Мәскеу облысындағы лаңкестік әрекетті бүкіл әлем, соның ішінде бүгін өздеріңіз өкілі ретінде келіп отырған елдер де қатаң айыптады. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі кінәлілердің бәрін жауапқа тарту қажет екенін, сондай-ақ терроризммен күрес мәселесінде халықаралық ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті. Ең бастысы, болған істен дұрыс қорытынды шығарып, нақты шаралар қабылдау керек. Азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, террорлық қауіп-қатерлерге лайықты төтеп беруге тиіспіз, - деді Қазақстан Президенті. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
АМӨЗ зауыт үстіндегі “қара бұлтқа“ қатысты түсінік берді
Мемлекет басшысы QazSwimAcademy спорт орталығының жұмысымен танысты
2024 жылы елімізде 36 заңсыз крипто айырбастау пункті жойылды
Кілтіңізді көршіңізге қалдырмаңыз!
Көпбалалыларға жаңа салықтық жеңілдіктер енгізілді
Меркідегі "мереке"
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баянды болашақтың кепілі.
Сатыбалдыға қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Қасым-Жомарт Тоқаев: Метапневмовирусқа байланысты даурығудың қажеті жоқ
Шамадан тыс тамақтану жүректің жұмысын қиындатады
Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Студенттер үйіне барды
Сенаторлар Qazcontent ұжымымен кездесті
Нұрбек Оралбай ұлттық құрамадағы жаттығуына қашан оралады?
Көлікті өрттен қалай қорғауға болады?
Негізсіз жұмсалмақ болған 55 миллиард теңге бюджетке қайтарылды
Мәжілісмендер Петропавлда құны 851 млн теңгелік бөгет жұмысымен танысты
Музыкалық мектеп 18 мың бөтелке сірке суын сатып алмақ болған
Өнерде тұлғаларды бай мен кедей деп бөліп зерттеу олардың есімін ұрпақ санасынан өшірді – күйші Жанғали Жүзбай
Ауылдардағы денсаулық сақтау мәселесі депутаттардың бақылауында
Ұлттық банк теңге бағамына қатысты ахуалды түсіндірді
2024 жылы елімізде 36 заңсыз крипто айырбастау пункті жойылды
Алдағы үш күнде елімізде 25 градусқа дейін аяз болады
Еуропа елдерінде тұмау өршіп тұр
Таразда мас ер адам күзетшімен төбелесіп, полиция қызметкерін жарақаттаған