Президент Солтүстік Қазақстан облысының эвакуацияланған тұрғындарымен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысының су басқан аумағын тікұшақпен аралап көргеннен кейін қарғын су салдарынан эвакуацияланған аудандардың халқымен кездесті.Тұрғындармен әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев шығындарды өтеу үшін мемлекет барлық тиісті шараны қабылдайтынын айтты. Қазіргі уақытта су тасқынынан зардап шеккен барлық тұрғынға бірреттік көмек беріліп жатыр және комиссия мүлік шығындарын есептегеннен кейін өтемақы төленеді. Тұрғын үйі жарамсыз азаматтарға жаңа баспана салынады және барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар зардап шеккен тұрғындардың несиелері мен займдарын төлеу мерзімі шегеріледі. Мемлекет басшысы ешбір азамат назардан тыс қалмайтынын атап өтті. – Қазір бәріміз өте күрделі кезеңді бастан кешіп жатырмыз. Бұл – жалпыұлттық апат. Дегенмен, бір жағынан алып қарасақ, оң өзгерістер де анық байқалады. Судың беті қайтып келеді. Жақын арадағы 10 күнде өте қауіпті болады деп ойлаймын. Бірақ біз еліміз бойынша апат салдарын жою шараларын қабылдап жатырмыз. Бұған дейін айтқанымдай, Үкімет зардап шеккен азаматтардың барлығына қолдау көрсетеді. Біз су тасқыны салдарынан болған барлық шығынды өтейміз. Әрбір азамат, әрбір отбасы мемлекеттің қамқарлығында болады. Бұл – мен үшін басты міндет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқынына байланысты қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, сондай-ақ бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында Үкіметке, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға имидждік және басқа да ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді. – Мен бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында ірі халықаралық форумды өткізуден бас тарттым. Сонымен қатар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жұмсалатын шығынды қысқартамыз. Әрине, қазір бұл шарадан түпкілікті бас тарту мүмкін емес. Бірақ оған жұмсалатын қаржы көлемі айтарлықтай азаяды. Бұдан бөлек, еліміздің Токиода өтетін Дүниежүзілік көрмеге қатысуына бөлінген бюджет те қысқарады, – деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаев барлық мемлекеттік органға су тасқыны салдарынан сабақ алуы керек екенін айтты. – Бізде мұндай апаттарды алдын ала ескерту жүйесі жетіспейді. Қажетті мамандар да тапшы. Қазір гидротехник кадрларды даярлау туралы шұғыл шешім қабылданды, – деді Мемлекет басшысы.

Читать источник astanatv.kz/kz/
ДСМ алқасы: 2025 жыл – жалпы практика дәрігерлерінің біліктілігін арттыру жылы
Жыл басынан бері Түркістан қаласында 6064 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды
Қазақстандық сейсмологтар бір тәулікте үш жер сілкінісін тіркеді
Әлем чемпионатында еліміздің әскер спортшылары үш алтын және төрт қола олжалады
Еліміздің сейсмологтары үш рет жер сілкінісін тіркеген
Жексенбіге жасалған күн райының болжамы
Алматылық еріктілер 10 мыңға жуық есірткі жарнамасын жоюға көмектесті
Алматыда түнде жеке үй, гараж және монша өртенді
Қазақстандық сейсмологтар бір тәулікте үш жер сілкінісін тіркеді
Ақтөбеде әйелі мен балаларын ұрып-соққан азамат сотталды
Ереванда күрестен өткен CISM әлем чемпионатында әскер спортшылары үш алтын және төрт қола олжалады
“Астана - Челси“ матчының билеттерін қашан сатып алуға болады?
Қазақстандық сейсмологтар бүгін үш рет жер сілкінісін тіркеді
Ақтөбе облысында сарбаз өз-өзіне қол жұмсады
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ұсталды
Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз суицид жасады
Ақтөбе облысында жол апаты болды, адам шығыны бар
Ақтөбеде әскери қызметші қаза тапты
Әскерге шақырылған сарбаздар Отанға адал болуға ант берді
“Шаш күтімін шығынсыз жасаңыз“. Қазақстандық Рапунцельдің ешкімге айтпаған әңгімесі
Ақтөбедегі әскери бөлімдердің бірінде мерзімді сарбаз қаза тапты: 24 қараша 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Ақтөбедегі әскери бөлімдердің бірінде сарбаз қаза тапты: 24 қараша 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері алаяқтық жасаған
Ақтөбедегі әскери бөлімдердің бірінде сарбаз қаза тапты