Президент Солтүстік Қазақстан облысының эвакуацияланған тұрғындарымен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысының су басқан аумағын тікұшақпен аралап көргеннен кейін қарғын су салдарынан эвакуацияланған аудандардың халқымен кездесті.Тұрғындармен әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев шығындарды өтеу үшін мемлекет барлық тиісті шараны қабылдайтынын айтты. Қазіргі уақытта су тасқынынан зардап шеккен барлық тұрғынға бірреттік көмек беріліп жатыр және комиссия мүлік шығындарын есептегеннен кейін өтемақы төленеді. Тұрғын үйі жарамсыз азаматтарға жаңа баспана салынады және барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар зардап шеккен тұрғындардың несиелері мен займдарын төлеу мерзімі шегеріледі. Мемлекет басшысы ешбір азамат назардан тыс қалмайтынын атап өтті. – Қазір бәріміз өте күрделі кезеңді бастан кешіп жатырмыз. Бұл – жалпыұлттық апат. Дегенмен, бір жағынан алып қарасақ, оң өзгерістер де анық байқалады. Судың беті қайтып келеді. Жақын арадағы 10 күнде өте қауіпті болады деп ойлаймын. Бірақ біз еліміз бойынша апат салдарын жою шараларын қабылдап жатырмыз. Бұған дейін айтқанымдай, Үкімет зардап шеккен азаматтардың барлығына қолдау көрсетеді. Біз су тасқыны салдарынан болған барлық шығынды өтейміз. Әрбір азамат, әрбір отбасы мемлекеттің қамқарлығында болады. Бұл – мен үшін басты міндет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқынына байланысты қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, сондай-ақ бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында Үкіметке, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға имидждік және басқа да ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді. – Мен бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында ірі халықаралық форумды өткізуден бас тарттым. Сонымен қатар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жұмсалатын шығынды қысқартамыз. Әрине, қазір бұл шарадан түпкілікті бас тарту мүмкін емес. Бірақ оған жұмсалатын қаржы көлемі айтарлықтай азаяды. Бұдан бөлек, еліміздің Токиода өтетін Дүниежүзілік көрмеге қатысуына бөлінген бюджет те қысқарады, – деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаев барлық мемлекеттік органға су тасқыны салдарынан сабақ алуы керек екенін айтты. – Бізде мұндай апаттарды алдын ала ескерту жүйесі жетіспейді. Қажетті мамандар да тапшы. Қазір гидротехник кадрларды даярлау туралы шұғыл шешім қабылданды, – деді Мемлекет басшысы.

Читать источник astanatv.kz/kz/
"Бәрі жабылып жүр". Ерке Есмахан денсаулығы сыр бергенін айтты
"Енді ісім сендермен болсын". Ырысбала Икрамбайдың ұлы балабақшадан шошынып қалған
Индорхоккейден ел құрамасы Азия кубогының күміс жүлдегері атанды
"Айтбектің кінәсі". Дамир Ішмаметов Салтанат Нүкенованың өліміне ағасын кінәлайтындарға жауап берді
Индорхоккейден ел құрамасы Азия кубогының күміс жүлдегері атанды
Жезқазғанда полиция көлігінде ер адам қайтыс болды
Атыраулық кәсіпкер Қайрат Нұртасты сотқа берді
"Енді ісім сендермен болсын". Ырысбала Икрамбайдың ұлы балабақшадан шошынып қалған
"Бәрі жабылып жүр". Ерке Есмахан денсаулығы сыр бергенін айтты
Милад Карими Ташкенттегі Азия чемпионатында тарихи жетістікке жетті
Елдегі су қоймаларының жағдайы қалай
Атыраудағы Жайық өзеніндегі су деңгейі шекті деңгейден 9 сантиметрге асты
"Жүрегім біртүрлі болып жатыр". Өзінен 6 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан танымал блогер қуанышты жаңалығын бөлісті
«Иә» дедім»: әнші Жарқынай Ханайым екінші рет тұрмыс құрмақ
Ералы Тоғжанов Премьер-Министрдің кеңесшісі болып тағайындалды
Петропавл қаласында су сору жұмыстары жалғасып жатыр
Ақтөбеде жас жігіттер тірі кірпіні доп қылып ойнаған
Семейде із-түзсіз жоғалып кеткен қыздың денесі табылды
Сенатор: Тұрар Рысқұловты жазған хаты үшін жазғыру – әбестік
Ақмолада полицейлер 60-тан астам адамды алдаған күдіктіні анықтады
Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында қатарынан үшінші матчта ұтылды
Семейде жоғалып кеткен ағайынды жасөспірімдердің бірінің денесі табылды
Ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды
"Қазгидромет" ескертеді: Алматы маңындағы өзен-көлдерде су деңгейі көтерілуі мүмкін