Президент субсидия беру жүйесін сынға алды

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық мәселелері көтерілген кеңесте Мемлекет басшысы субсидия беру жүйесінің өте күрделі екеніне де назар аударды. Президенттің айтуынша, мемлекеттің өндіріске бөлген көмегі ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп жатыр. Өйткені субсидиядан үміттілердің 10% ғана тиесілі қаржыны алыпты. Ал айласын асырған пысықтар өндірісті өркендетудің орнына бюджет қаржысын қалтаға басып, шалқып өмір сүрген. Ал мал баққан шаруа үшін субсидия алу – қиямет-қайым.Даниярдың мал бордақылаумен айналысқанына 5-6 жылдың жүзі болды. Әзірге субсидия алмағанымен, болашақта аламын деген үмітте. Өйткені мемлекет берген демеуақы шығынның 35-40 % жапса да үлкен көмек. Данияр Капушов, КӘСІПКЕР: Жанармай қымбаттады өзіңіз білесіз жақын арада, оған қоса трактордың қосалқы бөлшектері екі-үш есе қымбаттады. Егер субсидия болмаса 4-5 жылдың аумағында қожалықтың саны екі есеге азаяды. Алайда, осы субсидияға қатысты қажет дерек көпшілікке жетпей қалады. Қаржы бөлуді реттейтін жаңа цифрлық жүйе де мұны шеше алмады, деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: 2019-2021 жылдары өнім өңдеуге берілген субсидияны алайық. Бұл қаражаттың тең жартысы субсидия алам деушілердің 10 пайызының ғана қолына тиген. Субсидия алған кейбір пысықайлар өндірісті өркендетудің орнына бюджет қаржысын қалтасына басып, шалқып өмір сүрген. Ал қарапайым шаруалар үшін субсидия алу – қияметтің қиыны. Ал қоғам белсенділері субсидияны өз ісін жаңадан бастаған шаруаларға ғана беру керек дейді. Өйткені мыңғырған малы бар қожалыққа мұндай көмек қажет емес. Кәсібін жолға қойғандар мемлекет «мал шаруашылығын дамыт» деп берген ақшаға қымбат көлік мініп, үйін алып, шалқып жүреді. Қаржы діттеген жерге жетпегендіктен, ет пен сүттің бағасы арзандамайды. Айболат БӨКЕНОВ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ: Облыс әкімі келгенде отчет беріп жатыр: бізде откромда 2 мың бас мал ұстап отырмыз дейді. Жаңақалада 2000 түгілі, 500 бас ұстап отырған ешкім жоқ, шынымды айтайын. Кенеден, шөп жоқтан екі жыл бұрын өлді малдар, қырылып қалды. Соны көтергізбейді, қорқады. Неге десең субсидия алатын мал басы азайып қалады екен. Содан тығып жасырады екен көбіне. Дұрыстап тексерсе мына мәселені, субсидия алып отырғандардың малдарын, көбісінікі жетіспейді. Кәсіпкерлердің айтуынша, мемлекеттің қолдауына әрдайым мұқтаж ауыл шаруашылығын қаржыдан қыспау керек. Ол сонда ғана өзін-өзі ақтайды. Әрі бұл мәселенің бір ұшы еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне де келіп тіреледі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Қазақстан Азия чемпионатында қанша пайда тапқаны белгілі болды 
Маркус Тюрамға бірнеше команда қызығушылық білдірді 
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Мас күйде рульге отырған 47 жүргізуші жазадан құтылмады
ТЖМ құтқарушылары балаларға көмекке келді
Әйел адам түрмедегі ұлына шұжық ішіне телефон жасырып өткізбек болған
Әділбек Мусин Әлем чемпионатында ел рекордын жаңартты
Ресми: Астанада Лос-Анджелес Олимпиадасы алдында бокстан әлем чемпионаты өтеді
Роза Рымбаева Абай облысының Құрметті азаматы атанды
Алматыда «Француз үйі» атауы заңсыз пайдаланылғаны анықталды
Астанадағы әскери оқу орнына Оман Сұлтандығының делегациясы келді
Франсуа Байру Францияның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалды
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта ашылды
Астана-Бурабай бағытында жаңа туристік электр пойызы іске қосылды
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Роналдудың бағасы құлады. Бірақ бұған әр клубтың қалтасы көтере бермейді
Алматыда автобустың жол жүру уақыты қысқарады
Президент тапсырмасы: Жас ғалымдарға пәтер берілді
Павлодар облысында полицейлер инсульт алған әйелді құтқарды