Президент Светлана Жақыпованы жаңа қызметке тағайындады

Мемлекет басшысының өкімімен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды.  Светлана Жақыпова 1968 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1991 жылы Целиноград Мемлекеттік педагогикалық институтын, 2006 жылы Алматы Экономика және статистика академиясын тәмамдады. 1984 – 1986 жылдары Қарой бастауыш мектебінде ұзартылған күн тобының тәрбиешісі, бастауыш сыныптардың мұғалімі болып жұмыс істеді. 1986 – 1991 жылдары – Целиноград Мемлекеттік педагогикалық институтында білім алды. 1991 – 1995 жылдары - № 16 орта мектебінде, № 36 бастауыш орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып еңбек етті. 1997 – 1998 жылдары «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМКҚ Ақмола қалалық бөлімшесі операциялық есеп жүргізу бөлімінің аға маманы, бас маманы болды. 1998 – 2001 жылдары «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМКҚ Ақмола (Астана) қалалық филиалының экономикалық талдау бөлімінің бас маманы, бастығы, филиал директорының орынбасары қызметін атқарды. 2001 – 2008 жылдары «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМКҚ Ақмола облыстық филиалының директоры болды. 2008 – 2011 жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті директорының міндетін атқарушы, директоры қызметін атқарды. 2011 – 2013 жылдары – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Жобалау офисі бағдарламалар басшысы лауазымында еңбек етті. 2013 жылғы 19 тамыздан бастап 2014 жылғы тамызға дейін - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды. 2014 жылғы тамыздан бастап - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі болып тағайындалды. 2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды. «Құрмет» орденімен марапатталған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
“2 жылға бас бостандығын шектеу“. Жанна Оразбақоваға қатысты қылмыстық іс қандай бап бойынша қаралып жатыр?
Астанада крещение рәсімі қалай өтіп жатыр
Халықаралық ауыр атлетика федерациясының делегациясы Қазақстан ҰОК кеңсесіне келді
Еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Алматыда бос жатқан аумақта мұз айдыны бар жаңа сквер ашылды
Адам қанша күн ұйықтамаса, галлюцинация пайда болады?
Алматыда 11 нотариустың лицензиясы тоқтатылды
ШҚО-да 700-ден астам адамды ит қапқан (ВИДЕО)
“2 жылға бас бостандығын шектеу“. Жанна Оразбақоваға қатысты қылмыстық іс қандай бап бойынша қаралып жатыр?
19 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
«Ескерту жазбайсыңдар, айыппұл жазасыңдар». Желіде полиция бастығының аудиосы тарағаны рас па?
Халықаралық ауыр атлетика федерациясының делегациясы Қазақстан ҰОК кеңсесіне келді
Құрманғазыда жаңадан екі көпір салынады – Атырау облысы
Қыста тері проблемасы болмас үшін қандай дене бөлігін жуу қажет?
Қарағандыдағы Үлкен Бұқпа өзені қалай тазартылып жатыр
Солтүстік Қазақстанда жұмысшылардың жалақысынан заңсыз ақша ұсталған
Алматы облысында барымташылар тобы құрықталды
Ашқарынға жеміс-жидек жеуге бола ма? Дәрігер жауабы
Астанада крещение рәсімі қалай өтіп жатыр
Қазақстанның су тасқынына дайындығы қандай деңгейде?
Павлодарда төрт жыл алимент төлемеген әке ұсталды
СҚО-да "Құстарға арналған эко-қоректендіргіштер" экологиялық байқауы өтті
Су тасқыны кезеңіне дайындық: қорғау мен алдын алудың кешенді шаралары
«2025 жыл Қазақстан үшін оңай болмайды»: Сарапшылар дабыл қақты