Президент: Табысын елімен бөліскен азаматтар жоғары құрметке лайық

«Қазақстанда жасалған» деген таңба ең мықты сапаның, ең жақсы өнімнің белгісіне айналуға тиіс. Бұл туралы «Алтын Сапа» және «Парыз» сыйлықтарының иегерлерін марапаттау рәсімінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.«Ескі сүрлеуге түсіп кетпей, прогресс жолынан ауытқымауымыз қажет. Бізге ұзақ мерзімді мақсаттарымызды айқындап алу керек. Ертең кім болатынымыз, мың құбылған әлемде қандай орын алатынымыз әсте естен шықпауға тиіс. Бір сөзбен айтқанда, біз тек алға ұмтылуымыз керек. Біз жасампаз әрі жаңашыл болуға тиіспіз. Еліміздің алға қойған нақты межесі бар. Мызғымас бірлік пен қажырлы еңбектің арқасында өз мақсатымызға жетеміз. Біз үйренетін ғана емес, үйрететін ұлт болуымыз керек. Тұтынатын емес, өндіретін мемлекет болуымыз қажет. Мен бұл туралы үнемі айтып жүрмін. «Қазақстанда жасалған» деген таңба ең мықты сапаның, ең жақсы өнімнің белгісіне айналуға тиіс. «Алтын сапа» байқауының басты мақсаты – осы», - деді Президент. Сонымен бірге, Мемлекет басшысы бизнес өкілдері халық алдындағы жауапкершілікті терең сезінуі керектігін баса айтты. «Адал азамат өз жағдайын ғана жасамайды. Ол туған ауылының немесе өзі жұмыс істеп жатқан аймақтың қамын да ойлайды. Мұндай кәсіпкерлер көпшіліктің қолдауына және алғысына ие болады. Шын мәнінде, туған елдің ықыласынан артық марапат жоқ. «Парыз» байқауына қатысушылар биыл түрлі әлеуметтік жобаға белсене атсалысты. Қайырымдылыққа 80 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсады. 6 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашты. Табысын елімен бөліскен осындай азаматтар жоғары құрметке лайық», - деген Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» байқауына қатысқан кәсіпкерлерге ризашылығын білдірді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Қайсар» кілең қазақ футболшыларымен алаңға шығып, «Жеңісті» жеңе алмады
Маңғыстауда бір үйдің 7 адамы газдан уланып қайтыс болды
Магнус Карлсеннің дауға айналған джинс шалбары аукционда сатылып кетті
Еркін күрестен үш дүркін олимпиада чемпионы Бувайсар Сайтиев қайтыс болды
Алматыда заңсыз салынған үш қабатты нысан бұзылады
Шаңғы түрлерінен әлем чемпионаты: Ерлердің нәтижесі
Үш дүркін Олимпиада чемпионы 49 жасында өмірден өтті
16 өңірде дауылды ескерту жарияланды
«Ринопластика дұрыс жасалмаса, қауіпті болуы мүмкін» – пластикалық хирург
Шольцтың Германиядағы жеңілісі: себебі мен салдары
Украина бойынша еуропалық саммит аяқталды
Көркем жүзуден Париждегі әлем кубогында Қазақстан тағы бір медаль алды
Семейде соққыға жығылған бала үйлі болды
Қызыл пияз - мықты антиоксидант
Бекзат Нұрдәулетов пен Сабыржан Аққалықов «Странджа-2025» турнирінің чемпионы атанды
Мұнай-газ саласының көрнекті қайраткері Олег Герштанский өмірден озды
Ақтөбе облысында 7 адам мінген алты көлік қар құрсауынан шығарылды
«Үйде тыныш жатсам да, маза бермейсіздер»: Ерке Есмахан босануына қатысты сұрақтың астына алғандарға жауап қатты
Мәскеу облысындағы сауда орталығында ер адам адамдарға оқ жаудырды
Абай облысында 45 елдімекенді су басу қаупі бар
«Кикбоксинг, семсерлесу, гимнастика»: келесі аптада Қазақстан спортшылары қатысатын жарыстар кестесі жарияланды
Атырауда ғимараттан мәйіт табылды
Аяз, қар және тұман: Қазақстанның қай облыстарында дауылды ескерту жарияланды
Ресейде бәз біреу сауда орталығында күзетшілерді атқан: үш адам жарақаттанды (ВИДЕО)