Президент Телерадиокешені Silk Way Cinema атты халықаралық телеарна ашады

1 қыркүйектен бастап жаңа Silk Way Cinema халықаралық телеарнасы іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Телеарна қазақ және орыс тілдерінде тәулік бойы хабар таратады, арна сигналы оннан астам таяу шет елдерге қолжетімді болады. Жаңа спутниктік арнаның командасы танымдық және білім беру бағдарламаларын, деректі және музыкалық жобаларды, телехикаяларды эфирге шығармақ. Сонымен бірге, Silk Way Cinema эфирінде республикалық телеарналар мен «Қазақфильм» киностудиясының фильмдік контенті де көрсетіледі. «Silk Way Cinema өзін жағымды көңіл-күй көзі ретінде танытады, жаңа телеарна аудиториясына тек қана қазақстандық контент ұсынылады. ҚР Президенті Телерадиокешенінің жаңа медиа-ресурсы отандық креативті индустрияның үлгісі болуды, көрші мемлекеттер арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуды, сондай-ақ түрлі елдердегі қазақ диаспорасы өкілдеріне сапалы контент ұсынуды жоспарлап отыр», - деп жазылған Президент Телерадиокешенінің хабарламасында.Айта кетейік, ҚР Президенті Телерадиокешені Қазақстанның ірі медиа-компаниясы саналады. Оның құрамына республикалық Jibek Joly телеарнасы, халықаралық Silk Way телеарнасы, «ҚазАқпарат» ХАА және Деректі кино орталығы кіреді. «Jibek Joly» алғашқы ұлттық спутниктік телеарнасы 2022 жылдың 1 қыркүйегінде іске қосылды. Телеарна HotBird 13B, Galaxy 19, Yamal 401 90° (FSU), Türksat 3A, KazSat 3 (Қазақстан) және MEASAT 3A спутниктері арқылы жаңа «Silk Way» брендімен әлемнің 118 елінің көрермендері үшін 5 тілдік нұсқада – қазақ, орыс, ағылшын, өзбек, қырғыз тілдерінде қолжетімді. «Jibek Joly» ұлттық телеарнасының және оның «Silk Way» спутниктік нұсқасының жиынтық аудиториясы бүкіл әлем бойынша 300 миллионнан астам көрерменді құрайды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ұлттық интеллигенция халқымыздың болмысын сақтау үшін тынбай еңбек етті – Ерлан Қарин
Түркістан облысында "Жайлы мектеп" жобасы аясында тағы бір мектеп ашылды
Медсақтандыру қоры сақтандырудың тоқтатылғаны туралы алдын ала ескертеді
Мас күйде рульге отырған 47 жүргізуші жазадан құтылмады
Алматыда «Француз үйі» атауы заңсыз пайдаланылғаны анықталды
Франсуа Байру Францияның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалды
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта ашылды
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Алматыда автобустың жол жүру уақыты қысқарады
Қаңтардан қаңтарға дейін...
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
«Муфаса. Арыстан патша»
Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар қатаң жазаланады
Мемлекет басшысы Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Жаңа электропойыз «Астана — Боровое» маршруты бойынша жүре бастады
«Астана — Боровое» бағыты бойынша жаңа электропойыз жүре бастады
Тоқаев Түркіменстан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Түркістан облысында "Жайлы мектеп" жобасы аясында тағы бір мектеп ашылды
Қарағанды ​​облысында өзеннен бала өлі табылды
Жас ғалымдар баспаналы болды
Президент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды
Тоқаев Түрікменстанның тұрақты бейтараптығына 29 жыл толуына орай құттықтау жолдады
Мерекеде Алматы қонақтарына тәтті таратылады
Министр жас ғалымдарға пәтер сертификаттарын табыс етті