Президент төрт мемлекет елшісінен сенім грамотасын қабылдады. Ақордаға Малайзия, Сауд Арабиясы Корольдігі, Түркия және Иран елшілері келді. Мемлекет басшысы дипломаттар өз міндеттерін орындау кезінде біздің Үкімет оларға жан-жақты қолдау көрсететінін атап өтті. Осыдан соң еліміздің аталған 4 мемлекетпен саяси, экономикалық байланыстарды қоса алғанда, барлық салада тығыз қарым-қатынас орнатқан стратегиялық серіктес екенін жеткізді. Қазақстан халықаралық ынтымақтастыққа әрдайым ашық екенін айтты.Мустафа КАПУДЖУ, ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ: Біз елдер арасындағы ынтымақтастықтың нығая түскеніне қуаныштымыз. Қазақстандағы жұмысым барысында екі елдің қарым-қатынасын нығайту үшін бар күшімді салып жұмыс істеймін.