Президент Үкіметтің алдында тұрған негізгі басымдықты атады

Салық жүйесін толық цифрландыру қажет. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Бұл туралы АSTANA тілшісі хабарлайды. «Тағы бір мәселе. Салық жүйесін толық цифрландыру қажет. Бұл сала цифрлық тәсілдерді, әсіресе жасанды интеллектіні қолдану жағынан ең алдыңғы шепте болуға тиіс. Қысқасы, атқаратын жұмыс – ауқымды. Мемлекеттік кірістер комитетінде 2000-2014 жылдары іске қосылған 14 ақпараттық жүйе бар. Олардың көбі кеңінен қолданылмайды. 2021 жылы бұл жүйелердің бәрі халықаралық қаржы ұйымдарының қолдауымен 12 жыл бойы жасалған жаңа жүйелермен алмастырылуы керек еді. Бірақ қаражат игерілгеніне қарамастан, еш нәтиже жоқ. Ведомствоның барлық ақпараттық жүйесіне тәуелсіз IТ-аудит жүргізуді тапсырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президенттің айтуынша, жаңа Салық кодексін әзірлеумен қатар Мемлекеттік кірістер комитетінің жаңа ақпараттық архитектурасын қалыптастыру қажет. «Жалпы, салық және бюджет саласына түбегейлі реформа қажет. Соның арқасында мемлекет пен бизнестің арасында жаңа қоғамдық шарт жасалмақ. Осылайша, ұлттық табысты әділ бөлудің парасатты жолы қалыптасады. Бұл – Үкіметтің алдында тұрған негізгі басымдық», - деді Мемлекет басшысы.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматы облысындағы зауытта жұмысшының аяғы рельстің астында қалып қойған
25 млн теңгенің сөмкесі, 7 млн теңгенің сағаты: Перизат Қайраттың тағы қандай мүлкі тәркіленді
Маңғыстауда "Отпан" тірек мектептер желісін дамыту жобасы жүзеге асырылуда
Балаларға бастапқы білім беру капиталы
Құтқарушының құрметті жолы
Мемлекет басшысы Ескелді би ауылындағы спорт кешеніне барды
Су тасқынына қатысқан батыр Аят Сералиев «Жақсы адам-2024» сыйлығына ие болды
Жас өнерпаздарға қанат бітірген байқау
Биыл ел тұрғындары 1 млн-нан астам қымбат зерттеулерден өтті
Ресей шекарасында кептеліс не үшін туындады?
Алдағы мереке күндері елімізде қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады
Назарбаев резиденциясының орнына халыққа арналған кешен салынбақ
Биыл елдегі үш ірі теміржол вокзалы толық жаңартылды
Қазақстанда «Tasqyn» ақпараттық жүйесі әзірленуде
Биыл Қазақстан волонтерлікті дамытуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді
Шетелдік туристерге Қазақстанның тәтті кәдесыйлары табысталады
Берік Асылов Мароккоға барып мәселе шешіп келді
Қазақстандағы қайырымдылық: сенім дағдарысынан қалай шығамыз?
Жазушылар одағының 90 жылдығы: әдебиет пен руханияттың дамуына үлес қосқандар марапатталды
Жазушылар одағының 90 жылдығы: түркі әлемінің рухани бірлігі мерейтойда дәріптелді
Қоғамдағы тұрақтылықтың қозғаушы күші
Қазақстан мен Қытай шекарасы екі күнге жабылады
Жазушылар одағы – руханиятымыздың алтын діңгегі
Тәуелсіздік таңы атқан күн