Президент Заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.▪️Заң медицина қызметкерлерін құқықтық және қаржылық тұрғыдан қорғау жүйесін енгізуге және олардың жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ жастар арасында құрамында никотині бар заттардың таралуының алдын алу және оған қарсы күресу үшін жүйелі шаралар қабылдауға бағытталған. ▪️Заң арқылы медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру тетігі енгізілді (Заң ресми жарияланғаннан кейін 6 ай өткен соң қолданысқа енеді). Сонымен қатар медицина қызметкерлерін қолдауға бағытталған түзетулер қабылданды. Атап айтқанда: -тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі ұйымдардан балалары үшін басым тәртіппен орын алу, кәсіби қызметіне заңсыз араласудан және кедергі келтіруден қорғау, мамандығына құрметпен қарау, медициналық мамандығы бойынша әскери қызметін өткеру немесе әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру құқықтары берілді; -«Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы – мемлекеттік наградасы белгіленді; -басы артық есеп немесе ақпарат беруден босату үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бұдан былай медицина қызметкерлері толтыруға міндетті құжаттама тізбесін бекітеді; -аса тапшы мамандықты меңгерген медицина қызметкерлері ауылдық жерге кемінде 5 жыл жұмыс істеуге келген жағдайда, оған ең төменгі жалақының 100 еселенген мөлшерінде бірреттік ақшалай төлем беріледі. ▪️Бұдан бөлек, Заңда шегуге келмейтін темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштерді және оларға арналған сұйықтықтарды сатуға, таратуға, сондай-ақ оларды жарнамалауға тыйым салу қарастырылған (Бұл норма ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Читать источник astanatv.kz/kz/
Александр Усик ауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы атанды
Астанада ерекше балалардың ата-аналары экоакцияға қолдау білдірді
Жексенбі, 19 мамырға арналған ауа райы болжамы
Сарыағашта жоғалып кеткен 3 жасар бүлдіршіннің денесі табылды
Украин боксшысы аса ауыр салмақта ХХІ ғасырдың алғашқы абсолютті чемпионы атанды
19 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Алматыдан 257 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді
Су басу қаупіне байланысты екі өңірде көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Жайық өзеніндегі су деңгейі қандай?
Алматы қаласы маңында тағы жер сілкінді
Түркістан облысында үш күн бойы іздестірілген үш жасар қыздың денесі табылды
"Көжектер ұйықтап жатыр". ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады
Ақтауда қоғамдық орында дәрет сындырған ер адам жауапкершілікке тартылды
"10 жыл үйде отырмады". Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Абдукаримованың ұзақ уақыт ел алдына шықпау себебін түсіндірді
Алматыға 257 км шақырым жақын аумақта жер сілкінісі тіркелді
Атырау облысында бірнеше автожол уақытша жабылды
Бүгін ауа райы қандай болады?
Қызылордада жұмысқа тұрғызамын деп алдаған алаяқ сотталды
Алматыға 257 км шақырым аумақта жер сілкінісі тіркелді
Семейде бір ай бұрын жоғалған қыз өлі табылды
Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарында бірнеше автожол уақытша жабылды
Алматыда жер сілкінісін ескерту жүйесі іске қосылады
Алматы қаласы маңында тағы жер сілкінді
Абайлаңыз! Жақтың шығуына әкелетін сіз ойламаған әрекеттер