Президентке Алматының биылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берілді

Мемлекет басшысына Алматының биылғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындысы жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.Ерболат Досаев аталған кезең ішінде қысқамерзімді экономикалық индикатор 13 пайызға артқаны туралы баяндады. Мемлекеттік бюджет түсімдері 4,9 триллион теңгеге жетіп, өсім көрсеткіші 34,5 пайызды құраған. Қараша айында жылдық инфляция 10,5 пайызға дейін бәсеңдеген. Жалпы, жыл қорытындысы бойынша еліміздегі ең ірі қала экономикасының өсімі 6,5 пайыз деңгейінде болады деген болжам жасалып отыр (2022 ж. – 5,0%). Негізгі капиталға құйылған инвестицияның жалпы көлемі 20 пайызға ұлғайғаны жайында ақпарат берді. Жеке инвестиция 30,3 пайызға артып, 1,4 триллион теңгеге жеткен. Жыл басынан бері қала экономикасына барлығы 1,53 триллион теңге салынған. Алматыда қоғамдық көлікті дамыту және экологиялық талаптарға сәйкестендіру үшін кешенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Биыл қаланың автобус паркі экологиялық таза 1150 жаңа автобуспен толыққан. Оның 550-ін жеке тасымалдаушылар сатып алған. Соңғы 11 жылда алғаш рет троллейбус паркі де жаңартыла бастаған. Бүгінде 100 троллейбус сатып алынған, қосымша тағы 100-ін сатып алу арқылы келесі жылы троллейбус паркі толықтай жаңарады. Жол-көлік инфрақұрылымының дамуы туралы баяндады. Қаланың 70 көшесіне 25 шақырым жаңа жол салынған және 200 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғыртуға қатысты мәлімет берді. Денсаулық сақтау саласында медициналық-санитариялық алғашқы көмектің (МСАК) жаңа бірыңғай стандарты белсенді түрде енгізілуде. Алматыда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 37,1 мың орындық 22 мектептің құрылысы мен жобалау жұмыстары басталған. Жыл басынан бері NEET санатындағы 36,7 мың азамат жұмысқа орналастырылғаны жөнінде айтты. Оның 82 пайызы – тұрақты жұмыс орны. Қажетті мамандықтарды оқытудың қысқамерзімді курстары және Jobfair365 бос жұмыс орындарының цифрлық платформасы іске қосылған. Жастар үшін 8 комьюнити-орталығы ашылған. Президенттің қаланы көгалдандыру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы ерекше бақылауда екенін жеткізді. Жыл басынан бері 276 мың түп көшет отырғызылған. Жыл соңына дейін олардың саны 320 мыңға жеткізілмек. Алматыдағы саябақтар аумағы 397 гектарға ұлғайған. Қасым-Жомарт Тоқаев мегаполис экономикасын одан әрі әртараптандыру, инвестиция тарту, шағын және орта бизнесті қолдау шараларын күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ әкімге қоғамдық көлікті экологиялық талаптарға сәйкестендіру және Алматының көлік қатынастары жүйесін дамыту міндетін жүктеді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Доллардың өсуі ипотекалық бағдарламаларға қалай әсер етпек?
EURO-2026: Футзалдан Қазақстан құрамасы іАлбанияны жеңді
Ақшаны табатын да, ұстайтын да – Райм: Ерке Есмахан отбасына қатысты бір құпияны ашты
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
Оққағарлар
Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медаль иеленді
Ақтөбе облысы бойынша 2025 жылдың жоспары айтылды
Қазақстан спортшысы Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Көркемдік жетекші және оның жаңа жобасы
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
Ұрысып жатқан екі ғашықты ажыратам деген қазақ спортшысы өзі таяқ жеп қалды
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
Ақшаны табатын да, ұстайтын да – Райм: Ерке Есмахан отбасына қатысты бір құпияны ашты
400 келі: Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Футзалдан Қазақстан құрамасы Албания қиындықсыз жеңді
Мұртыңды ұрайын...
EURO-2026: Қазақстан құрамасы Албаниядан басым түсті
Түркістан облысы 2024 жылы туу көрсеткіші бойынша рекорд орнатты
Қарағанды ​​әкімі Instagram желісіндегі пікірі үшін сөгіс алды
Артем Андропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Қазақ баласын сатып, ақша алған әйел мектепте сабақ беріп жүр — Қымбат Досжан
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Көкшетауда өзгелердің жоғалтып алған картасымен сауда-саттық жасағандар ұсталды
2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді