Президенттің атына Ораза айт мерекесіне орай құттықтау жеделхаттары түсіп жатыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына барша мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын Ораза айтқа орай шет мемлекеттердің басшыларынан және халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр.Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевқа түрік халқының және жеке өз атынан жүрекжарды лебізін білдіріп, оған зор денсаулық, бақыт, ал достас әрі бауырлас Қазақстан жұртшылығына бақ-береке тіледі. – Ынтымақ-бірлік, бауырластық құндылықтарын дәріптейтін осы қасиетті мереке Ислам әлеміне және барша адамзатқа бейбітшілік, бақ-береке ала келсін, – деп жазылған Түркия Президентінің құттықтау жеделхатында. Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев өз құттықтауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен бауырлас Қазақстан халқына ізгі тілегін білдірген. – Кейінгі жылдары ортақ мәдени және рухани құндылықтарды қастерлейтін достас халықтарымыздың өзара бірлігі нығайып келеді. Оның бейбітшілік пен тыныштықты, өзара достықты дәріптейтін қасиетті Рамазан айы мен Ораза айттың ізгі қағидаттарымен үндесетіні сөзсіз, – деп жазылған жеделхатта. Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров құттықтауында мемлекетіміздің басшысына амандық тілеп, Қазақстан халқының бейбіт заманда өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірген. – Сенімнің беріктігін, төзімділік пен бірлікті айшықтайтын осынау рухани мерекеде халықтарымыздың ынтымағы нығайып, бақ-берекесі еселене берсін, – деп жазды қырғыз елінің басшысы. Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон өз жеделхатында елдеріміз арасындағы достық қарым-қатынастың жоғары деңгейіне көңілі толатынын атап өткен. – Барша мұсылман елдері үшін қасиетті саналатын мейрамның адамгершілікке үндейтін құндылықтары мен жасампаз дәстүрі халықтарымыз арасындағы мызғымас берік байланысты нығайтуға алдағы уақытта да қызмет ете беретініне сенімдімін, – деп жазған Тәжікстан басшысы. Қасиетті Ораза айт мейрамына орай ізгі тілегін Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов те жолдады. – Ежелден адамгершілік, қайырымдылық, мейірімділік және рухани тазалық секілді асыл қасиеттерді дәріптейтін бұл мейрам мұсылман үмбеті арасындағы өзара түсіністікті, ынтымақ пен татулықты нығайта беретініне кәміл сенемін, – деп жазған Түрікменстан Президенті. Сонымен қатар Мемлекет басшысын БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, Иордания Королі II Абдалла, Марокко Королі VI Мұхаммед, Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифа, Кувейт Мемлекетінің Әмірі шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах, Ливия Президенттік кеңесінің төрағасы Мұхаммед Юнис әл-Манфи, Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ, Ирак Президенті Абдул Латиф Рашид, Палестина Президенті Махмуд Аббас, Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф, Сингапур Премьер-министрі Ли Сянь Лун, БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрі және Дубай Әміршісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрдің орынбасары шейх Мансур бен Заид Әл Нахаян, Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Татарстан Республикасының Раисы Рустам Минниханов, Ислам ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы Хиссейн Брахим Таха және тағы басқалар құттықтады. Қазақстан Президентінің атына құттықтау хаттары мен жеделхаттар әлі де келіп түсіп жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Еуроодақтың ғылыми зерттеулерді қаржыландыру бағдарламасы Орталық Азиямен ынтымақтастықты жалғастырмақ
Ақтөбе гарнизонында әскери қызметкер өзін атып өлтірді
Жексенбіге жасалған күн райының болжамы
Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай мерейтойлық марафон басталды
«Астана» мен «Челси» арасындағы ойынның билеттері сатылымға шығады
Бүгін - әскери-ғылыми қызметкерлер мен педагогтар кәсіби мерекесі
Илон Маск қайтадан жер бетіндегі ең бай адам атанды
Әлем чемпионатында еліміздің әскер спортшылары үш алтын және төрт қола олжалады
Еліміздің сейсмологтары үш рет жер сілкінісін тіркеген
Жексенбіге жасалған күн райының болжамы
Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады
Алматыда адамдар аспалы жолда “қалып қойды“
24 қараша - әскери-ғылыми қызметкер және педагог күні
Каспий теңізінде итбалықтардың жаппай қырылуынан келген шығын көлемі 1,5 млрд теңге болған
Қазақстандық сейсмологтар бір тәулікте үш жер сілкінісін тіркеді
Прагада өткен Димаштың концертінде 9 жасар қыз тыңдармандарды тәнті қылды
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Гран-при  турнирінде "күміс" алды
Ақтөбеде әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметші көз жұмды
Жібек Құламбаева Португалиядағы турнирде жеңіске жетті
Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай мерейтойлық марафон басталды
«Жылқы еті – харам...»: Журналист Үкіметке үндеу жолдады
Осылардың бәрі қадағалануы керек: Дулыға Ақмолда балабақшадағы келеңсіздік туралы айтты
Apple 2024 жылдың басты әртісін атады
Қазақстан тарихына қатысты бірегей құжаттардың көрмесі өтті