Ақордада еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңес өтіп жатыр.Президент сөз басында жуырда өткен Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлауға тоқталды. "Үкімет қайта жасақталды. Осылайша, ауқымды саяси өзгерістің алғашқы кезеңі аяқталды деуге болады. Біз билік тармақтарының тепе-теңдігін орнықтырдық. Енді еліміздегі қоғамдық-экономикалық қатынастарды қайта құруымыз керек. Жұртшылық бұл реформаларға зор үміт артып отыр. Сондықтан, біз нақты іс-шараларға баса мән беруге тиіспіз", – деді Президент. Сондай-ақ ол бүгінгі жиында әлеуметтік-экономикалық саладағы мақсат-міндеттер айқындалатынын баса айтты. "Мен Парламент сессиясының ашылуында заңнамалық тұрғыдан шешілуге тиіс бірқатар мәселені атап өттім. Ал, бүгін әлеуметтік-экономикалық саладағы мақсат-міндеттерді айқындап алуымыз керек. Үкімет және барлық деңгейдегі әкімдер соған сүйеніп жұмыс істейтін болады. Осы басқосуға мәслихаттардың өкілдері қатысып отыр. Бұл да – нақты саяси өзгерістердің нышаны",-деді Мемлекет басшысы.