"Лашын", "КешYOU" топтары арқылы танылған әнші Элизат Берікова бұрынғы отбасылық өмірінде қандай қиындықтармен бетпе-бет келгені туралы айтты. Бұл туралы әнші, актриса "Мамский әңігме" подкастында әңгімелеп берді.Айнур Ильясова жүргізетін "Мамский блог" подкастында әнші Элизат Берікова ана атанған кезіндегі ауыртпалықтар, ерте босану, ажырасу туралы әңгіме қозғады. Осыдан 2 жыл бұрын заңды түрде ажырасқан Элизат Берікова сұхбатта өнердегі жолына күйеуі ашық қарсы болғанын жеткізді."Күшті жоба болған еді. Жұмыссыз отырған кезде, маған сол жобаны берді. Сен үйде отырғаның үшін екі баланы қарап, тамақтандырып, үй жинап ақша төленбейді ғой. Саған сондай жоба беріп тұрса, жалақысы да, жарнамасы жақсы. Маған айтпай, телефонымды алып звондаған. Продюсерлерге алмаңдар деп айтқан", - деді ол.Әншінің айтуынша, жобаға екі аптадан кейін келісім жасайын деп отырғанда, күйеуі осылай қарсылық білдірген."Қандай сферадан сен оны алып кеттің, сен оны қалай үйде отырғызып қоясың. Шығармашалықтың адам бір орында отыра алмайды. Олар шығармашылықпен айналыспаса, депрессияға түсіп кетеді. Мен күйеуіме талай айттым. Қиналып жүрмін, киноға түскім келеді деп айтатынмын. "Иә" деп айтса да, солай хабарласып, бәрін құртып тастайтын. Солай жұріп, ажырастық", - деді әнші сұхбатта.