Сәуірден бастап азаматтар кейбір салалық дәрігерлерге тікелей жазылып, тексеріле алады. Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызмет көрсету механизміне осындай өзгеріс енгізді. Бұрынғыдай терапевтің жолдамасын күтіп, уақыт оздырудың енді қажеті жоқ. Профилді дәрігерлерге бару үшін терапевтен жолдама алу міндетті емес. Шұғыл және жоспарлы көмек керек болса, офтольмолог, лор, стомотологқа бірден кіре аласыз. Тіркелген жері бойынша пациент дерматолог, акушер-гинеколог пен психологтың қабылдауына да тікелей жазыла алады. Бұл қатарда онколог пен онкогематолог та бар. Ақмарал ӘЛНАЗАРОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: Пациент екінші рет келуі керек болса, профилді дәрігерлер терапевтен жолдама талап ете алмайды. Жалпы тәжірибелік дәрігер қазір іс жүзінде 3 функцияны атқарады. Ол иммундауға, салалық дәрігерлерге жолдама беру және денсаулыққа қатысты парақ ашу. Біздің алдағы мақсатымыз - терапевтердің біліктілігін арттыру. Халықаралық тәжірибеге сәйкес біз оларды мүлдем жүйеден шығарып тастай алмаймыз. Диспансерлік есепте тұрған науқастар кардиолог, эндокринолог, офтальмолог, невропатолог пен хирургтың қабылдауына өзі жазыла береді. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Негізі дұрыс нәрсе. Менің жолдасым - инвалид. Сондықтан біз көп терапевтің очередін күтіп қаламыз. 10-12 күн күтіп отырамыз. Сосын барып узкий специалиске бірақ. Егер маған қажет болса мен прямой узкий специалиске барғаным дұрыс деп ойлаймын. - Қазір қиын болады сол мәселе. Кішкене көп ашу керек поликлиникалар. Медбикелер жоқ достаточно. - Өзінің аймақтық дәрігеріне қаралғаны дұрыс. Каждый раз ауырып барған сайын сол дәрігер біледі науқас жайында. Жай орвимен ауырғанның өзінде берген назначениесі көмектесіп жатыр ма жоқ па. Өзгеріс учаскелік дәрігерге кезекті азайтқанмен, емханадағы жүктемені реттемейді, - дейді қоғамдық денсаулық сақтау маманы Әкім Тұрсын. Әкім ТҰРСЫН, «QMED» ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕДИЦИНА ПАЛАТАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ: Емханаларда узкий специалистер толық емес. Бір поликлиникада 0,5 жарты ставкада істеп, күніне екі сағат қабылдау немесе күнара 4 сағаттан қабылдау дегендер болып, записьпен баратын. Науқастар көп күтіп қалатын. Енді осы мәселеде тікелей баратын болғаннан кейін, мүмкін күніне бір мезгіл белгілі бір маман отыратындай жағдай жасайтын болар. Сондай-ақ наурыздан бастап емханаға жатқызу үшін тапсыратын талдамалар саны 42-ге қысқарды. Ал оның жарамдылық мерзімі 10 күннен 14 күнге, 1 айдан 3 айға дейін ұзартылады.