Прокуратура жауапсыз ата-аналардан 15 баланы тартып алды

Алматы облысында балаларына жауапсыз қараған 51 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.«Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясындағы біріккен рейдтердің нәтижесінде 51 ата-ана, оның ішінде 38 тұлға Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 127-бабы (кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау); 7 тұлға ӘҚБтК 440-бабы (алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу); 3 тұлға ӘҚБтК 73-2-бабы (ұрып-соғу); 2 тұлға ӘҚБтК 442-бабы (кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы); 1 тұлға ӘҚБтК 73-1-бабы (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жауапсыз ата-аналардан 15 бала алынды. Сотқа ата-ана құқығын шектеу туралы 7 талап қою берілді», - делінген Алматы облыстық прокуратурасы таратқан мәліметте. Ведомство мәліметінше, азық-түлік, көмір және балаларға жылы киім түрінде материалдық көмек 86 отбасыға көрсетілді. Медициналық тексеруден 901 бала өтті, 16 бала ауруханаға жатқызылды. Баспана кезегіне 152 бала қойылып, 2 отбасыға үй алуға көмек көрсетілді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатында алтын медаль алды (ВИДЕО)
Маңғыстауда "Отпан" тірек мектептер желісін дамыту жобасы жүзеге асырылуда
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТУМАСЫ ҒҰСМАН ҚЫРҒЫЗБАЕВ ЕЛДІҢ МАҚТАНЫШЫ
Құтқарушының құрметті жолы
Мемлекет басшысы Ескелді би ауылындағы спорт кешеніне барды
Су тасқынына қатысқан батыр Аят Сералиев «Жақсы адам-2024» сыйлығына ие болды
Жас өнерпаздарға қанат бітірген байқау
Биыл ел тұрғындары 1 млн-нан астам қымбат зерттеулерден өтті
Ресей шекарасында кептеліс не үшін туындады?
Алдағы мереке күндері елімізде қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады
Назарбаев резиденциясының орнына халыққа арналған кешен салынбақ
Биыл елдегі үш ірі теміржол вокзалы толық жаңартылды
Қазақстанда «Tasqyn» ақпараттық жүйесі әзірленуде
Биыл Қазақстан волонтерлікті дамытуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді
Шетелдік туристерге Қазақстанның тәтті кәдесыйлары табысталады
Берік Асылов Мароккоға барып мәселе шешіп келді
Қазақстандағы қайырымдылық: сенім дағдарысынан қалай шығамыз?
Жазушылар одағының 90 жылдығы: әдебиет пен руханияттың дамуына үлес қосқандар марапатталды
Жазушылар одағының 90 жылдығы: түркі әлемінің рухани бірлігі мерейтойда дәріптелді
Қоғамдағы тұрақтылықтың қозғаушы күші
Қазақстан мен Қытай шекарасы екі күнге жабылады
Жазушылар одағы – руханиятымыздың алтын діңгегі
Тәуелсіздік таңы атқан күн
Өзбек боксшысына кеткен "алтын" қазаққа қайтты