Прокуратура сайлауда заң бұзушылықтарды анықталғанын растады

Бас Прокуратура Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында бірқатар заң бұзушылықтарды анықталғанын растады. Олардың мәліметінше, 19 тұлғаның тарапынан заң талаптарының бұзылу фактілері тіркелген. Оның 12-сі бюллетеньдерді басқа адамдарға бергені үшін жауапқа тартылды. Бесеуі Алматы облысынан, ал үшеуі Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары. Сондай-ақ, Жамбыл мен Жетісу облысында бір-бірден құқық бұзушы анықталды. Сонымен қатар, дауыс беру кезінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге қатысты жағдайлар да болды деп хабарлады құзырлы орган.Азамат САРҒАЗИН, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫ ҚОҒАМДЫҚ МҮДДЕНІ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Батыс Қазақстан облысында кандидаттың арызы бойынша ауылдық округтегі мемлекет қызметкері үгіт жүргізу кезеңінде үгіттеу материалдарын таратқаны анықталды. Ол Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 122-бабының 1-бөлігімен жауаптылыққа тартылды. Кеше, яғни дауыс беру күнінің алдындағы күні Ақтөбе қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде сайлаушлыларды қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттардың біріне дауыс беруге шақырып, сол үшін Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 102-бабы бойынша жазаға тартылды. Сайлау учаскелерінде тәртіп бұзу дерегі де болған. Көбінесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергі жасау, сайлау учаскесінде видеоға түсіру және орталық сайлау комиссия мүшелеріне дөрекілік көрсету орын алып, 32 азамат ұсталды. Қайсар СҰЛТАНБАЕВ, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Бүгінде Қазақстан бойынша қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 45 мыңға жуық қызметкер жұмылдырылды. Сайлау өтетін орындарда жедел әрекет ету үшін қосымша жедел-тергеу топтары құрылды. Бюллетеньдер әкелінгенге дейін барлық сайлау учаскесінің қауіпсіздігі тексерілді. Полиция бюллетеньдерді сайлау учаскелеріне жеткізу барысын бақылады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Талғарға жаңа әкім сайланды
Астанада 12 мың адам еліміздің гимнін орындады
“Ләззат Асановаға арналған“. Танымал “Қазақ қызы“ әнінің жиырма жылдан кейінгі жұмбағы туралы
Алматылық әскери қызметшілер патриоттық флешмоб ұйымдастырды
Алматы халықаралық әуежайында рейстер кешігіп жатыр
Бүгін Бахрейн Корольдігінің де Тәуелсіздік күні
Алматыны қалың қар басты
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Талғар қаласының жаңа әкімі сайланды
Қазақстан әлемдегі үздік ондыққа кірді
Желтоқсан – Тәуелсіздігіміздің ұлы рухы
Алматыда Тәуелсіздік күніне орай гүл қою рәсімі өтті
Алматы әкімі Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды
«Қарныңды ақтарамын!»: Талғарда тағы бір сұмдық болды (ВИДЕО)
Астана мен Алматыда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Астана тұрғындарына мерекеде шоколад пен бауырсақ ұсынылды
Ақылбек Жапаров Қырғызстанның премьер-министрі қызметінен кетті
Тәуелсіздік – әрбір қазақстандықтың өміріндегі маңызды құндылық
Талғарда ер адамдар жанжалы видеоға түсіп қалды: 16 желтоқсан 2024, 16:08 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Астана тұрғындарына шоколад пен бауырсақ ұсынылды
Тәуелсіздік күні – әрбір қазақстандық үшін ерекше дата
Оңтүстік Корея президентіне импичмент жариялау бойынша алғашқы тыңдалым қашан өтетіні белгілі болды
Қолында пышақ болған: ер адамдар жанжалы видео түсіп қалды
Қолында пышақ болған: ер адамдар жанжалы видеоға түсіп қалды